Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отшашу болмайды: Алматы Жаңа жылға орай безендірілмейтін болды

Опубликовано:

жаңа жылл
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы Жаңа жылға орай безендірілмейтін болды. Қаланы безендіруге бөлінген қаражат коронавирусқа қарсы күреске пайдалану үшін бюджетке қайтарылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.

Қала әкімшілігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін әкімдік бюджетінің негізгі бөлігі пандемиямен күресуге бағытталған.

Сол себепті, Жаңа жылға арналған кең ауқымды іс-шараларға, аудандарда жаңа жылдық шыршалар орнатуға және көшелерді жарықтандыруға ақша бөлінбеген.

Соған қарамастан, алматылықтар мүлде жаңажылдық шыршасыз қалмайды. Өткен жылғы шыршалар қалпына келтіріліп, 16 желтоқсаннан кейін қойылатын болды.

Алайда қала тұрғындары бұл жолы жаңажылдық отшашуды көрмейді. Мерекелік іс-шаралар да өткізілмейтін болды.

"Биыл пандемияға байланысты Алматы қаласының әкімдігі ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер мерекеге орай 25 іс-шара ұйымдастырып отыр. Олардың көпшілігі онлайн форматта өтеді", - деп хабардар етті ведомстводан.

Дәстүрлі форматта ұйымдастырылатын іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды ескере отырып, қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өткізіледі деп атап өтті әкімдік.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" ал Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа енгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889039-otsasular-men-tojlatu-bolmajdy-almaty-zaa-zylga-bezendirilmejtin-boldy/

pixel