Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде инкассаторларға жасалған шабуыл: Барлық күдікті қолға түсті

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Полиция қызметкерлері Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығын қолға түсіргенін мәлімдеді деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзенде пышақпен қаруланған төрт белгісіз адамның инкассатор көлігіне шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейінірек бұл жағдайға қатысты құқық қорғау саласының мамандарі пікір білідірп, күдіктілерді істестіріп жатқанын мәлімдеді.

Алдын ала дайындықпен жасалған бұл қылмысты ашу үшін Маңғыстау облысының Полиция департаменті мен қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

Олар бейнебақылау камераларын мұқият зерттегенін жеткізді. Сонымен қатар, қылмыскерлер бой жасыруы мүмкін маршруттардың жасалғаны белгілі болды.

Ведомство мәліметінше, Жаңаөзен қаласына барлық кіру және шығу жолдары жабылған.

Деректер базасы бойынша зиянкестер автокөлігінің сипаттамасына сәйкес келетін барлық көліктер анықталып, тексеріліпті.

Оқиғаны көзімен көргендер мен куәгерлерден жауап алынды.

Соның нәтижесінде түн ортасында іздестіріліп жатқан көлікке ұқсайтын көлік ұсталып, оның жүргізушісі полиция қызметкерлеріне күдік тудырған. Видеоны сол жерден зерттеген олар оқтың тиген жерін анықтап қарағанда, оны бір нәрсемен бітеп жасырғанын байқапты.

Сондай-ақ  инкассаторлық компаниянының жұмыс орнын да анықтап, полиция жүргізушіні қылмыс жасады деген күдікпен ұстады.

Алайда тәртіп сақшыларының сөзінше, ол қандай да бір қарақшылық шабуылға қатысқанын теріске шығарып баққан.

Ұсталған адамның таныстары мен байланыстарын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізгеннен кейін қылмыстық іздестіру қызметкерлері шабуыл жасаған тағы бір күдіктіні анықтап, қолға түсірген.

Тінту кезінде одан үйдің қазандығына көміп тастаған ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды.

Бүгін, 11 желтоқсанда полиция қызметкерлерінің қылмыстың үшінші қатысушысын ұстағаны белгілі болды.

Тергеу анықтағандай, қылмыскерлер бір ай бойы инкассаторларға шабуыл жасауға мұқият дайындалған. Олар инкассатор машинасының бағыты мен қозғалыс уақытын есептеп, өзара тиісті міндеттерді бөлісіп, қару таңдаған.

Ұрланған ақшаны қаскүнемдер өзара бөлісіп алған болып шықты.

Қазіргі уақытта мнкассаторларға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889103-zaazende-inkassatorlarga-zasalgan-sabuyl-barlyk-kdikti-kolga-tsti/

pixel