Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы өртте бес қызынан айырылған Ситерлер отбасы ұлды болды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтанда екі жылдай уақыт бұрын времянкадан шыққан өрттен бес қызынан бірдей айырылып қалған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы блогер Тәңірберген Бердоңғар Instagram парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, бес баласынан айырылған ана аяғы ауыр екенін ешкімге айтқысы келмеген.

"Өрттен бес баласын жоғалтып алған көп азап шеккен Ситер отбасын құттықтаймын. Жанымгүл көз тиіп кетпес үшін аяғы ауыр екенін құпияда ұстады. Бүгін олардың үйіне қуаныш келіп, ұл туды! Құттықтаймыз және біз халық болып сіздердің ұлыңызға жаратушының ықыласы түсуі үшін дұға етеміз", -дейді блогер.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Времянкада болған өрттен балаларынан айрылып қалған ата-анасы қаралы оқиғадан жарты жыл өткен соң, ашық сұхбат берген еді. Видео қоғам қайраткері Тәңірберген Бердоңғаровтың YouTube-каналында пайда болды.

Жанымгүлдің айтуынша, үлкен қызы анасына көмекші, шаруаға пысық болған. Өзінің кішкентай сіңлілеріне қарап, олардың сабақтарына көмектескен. Ол аспаз болуды армандаған, барлық тағам түрін пісіре алатын болған екен. Әйелдің сөзінше, әр қызы ерекше болыпты. Апалы-сіңлілер әрдайым бір-біріне арқа сүйеп, қамқор болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889115-elordadagy-rtte-bes-kyzynan-ajyrylgan-siterler-otbasy-ldy-boldy/

pixel