Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа отбасы": Атышулы қалаулымдық жігіт сүйіктісін алып қашты (видео)

Опубликовано:

Бойжеткеннің келін болып түскен сәті
Фото: Видеодан кадр

"QosLike" бағдарламасында тағы да бір жаңа отбасы құрылды. Атышулы жобаның қатысушысы Ерасыл Қуанышбек демалыс күні өзінің сүйіктісін алып қашып, үйіне келін ретінде түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерасыл Қуанышбек бұл қадамға баратынын ешкімге айтпай, барша халықты таңғалдырды. Тіпті қатысушы жігіттің ғашығы да одан мұндай әрекетті күтпеген болып шықты.

Instagram желісінде қалыңдық атанған Дарина Тлеулесованың көз жасын тыя алмастан жылап жатқан видеосы тарап кетті. Онда аяқ асты келін атанған аруды сүйіктісі жұбатып, оған гүл шоқтарын тарту етіп жатқанын көруге болады.

Кейіннен күйеужігіт Stories бөлімінде болашақ жарының келіндік қызметтеріне қызу кірісіп, қонақтарды күтіп жатқан сәтінен бейнежазбалармен бөлісті. Видеода қалыңдықтың басына ақ орамал тартып, үйдің шаруасымен айналысып жүргені көрініс тапты.

Айта кетейік, Ерасыл Қуанышбек пен Дарина Тлеулесованың таныстығы аталмыш бағдарлама аясында бастау алды. Қызығы, бойжеткен жобаның өткен жылғы маусымының қатысушысы болған. Алайда, тоғыз ай бойы бағын сынаған ару сүйіктісін ақыры жолықтыра алмай, бағдарламадан шығып кетті.

Бірақ, Дарина атышулы жобаға осы жылы қайта оралуды жөн көрген. Бұл жолы ол қатысушы ретінде емес, үміткер болып барды. Оның таңдауы Ерасылға түсті. Нәтижесінде бір ай көлемінде сөйлесіп, артынан жұп атанған қос ғашықтың қарым-қатынасы азғантай уақыт аралығында жанұяға ұласып кетті.

Сонымен қатар, бір апта бұрын ғана Дарина Талдықорғанға арнайы барып, сүйіктісінің анасымен танысып қайтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889236-zaa-otbasy-atysuly-kalaulymdyk-zigit-sjiktisin-alyp-kasty-video/

pixel