Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр минут маңызды": Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

Жарияланған күні:

Ерман Байменов
Ерман Байменов. Фото: instagram.com/ana_stellar

Титов көлі аймағынан осымен үшінші тәулік қатарынан ер адам іздестіріліп жатыр. Ол тауға жалғыз өзі кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ер адамның жоғалып кеткені туралы Instagram желісінде оның сүйіктісі хабарлады.

"12 желтоқсанда тауда адам жоғалды. Аты Байменов Ерман Сұлтанбекұлы. 12.12.2020 таңғы 7-де жалғыз тауға кетті (шыңдардың бағытын білетіндіктен жалғыз өзі тауға шыға беретін). Қараңғы түскенше қайтып үлгермей, адасып қалып, сол күні 18:47-де ТЖМ шақырған. Олар оны 23:30-да таудың екінші жағынан тапқан. Соңғы рет 3:49-да орналасқан жері whatsapp-пен жіберілген", - дейді жоғалған ер адамның қалыңдығы.

Оның сөзінше, Ерман Титов көлінің төмен жағында болған.

"ТЖМ бүгінде іздеуді жалғастыруда. Бірақ әлі де еш нәтиже жоқ. Бізге еріктілер, альпинистер, сол аумақты білетін дайындалған құтқарушылар керек. Өтінемін, маған адамдар табуға көмектесіңіз, ақпаратты мүмкіндігінше таратыңыз! Әр минут маңызды", - деп жазды ол.

Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап бермеді.

Дегенмен РЖҚЖ Zakon.kz-ке іздестіру-құтқару жұмыстарының барлық кезеңінде 39 құтқарушы жұмылдырылғанын, оның ішінде 5 кинологиялық топ және 6 бірлік техника бар екенін хабарлаған.

"Құтқарушылар Күмбелсу өзенінің арнасы бойындағы аумақты тексеріп жатыр. Жұмысты ауа райының қолайсыздығы қиындатуда, дегенмен іздеу жұмыстары қарқынды жүруде", - дейді жасақ.

Еске сала кетсек, 12 желтоқсан күні Түркістан облысында жоғалып кеткен 5 және 8 жастағы екі баланың жазық даладан табылғанын жазған едік.

Сондай-ақ Жамбылда үйден кетіп қалған 15 жастағы қыз үш күннен кейін табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889309-r-minut-mayzdy-almaty-taularynda-zogalyp-ketken-er-adam-s-knnen-beri-tabylmaj-zatyr/