Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады: Отандық ғалым өз болжамын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин коронавирус пандемиясы келер жылдың жазында аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ғалымның сөзінше, коронавирус инфекциясы – адамнан адамға оңай берілетін өте жұқпалы ауру.

Оның негізгі алдын алу әдістері – гигиена, әлеуметтік қашықтық және маска тағу және халық көп жиналатын орындарға бармау, дейді ол.

"Осылай ғана қорғануға болады. "Бүкіл адамзат маска тақса, эпидемия бітер еді", деген эпидемиологтардың сөзі бар. Вируспен күрестің негізгі әдісі – карантин шараларын сақтау. Қазір вакциналар жасалып жатыр. Менің ойымша, коронавирус пандемиясы келесі жылдың жазына қарай біртіндеп аяқталады", - деді Локшин.

Сонымен қатар, Ұлттық ғылым академиясының академигі тұмауға қарсы вакцинацияның не үшін қажет екенін, өршіп жатқан ЖРВИ мен тұмау кезінде иммунитетті қорғау жолдарын түсіндірді.

"Тұмауға қатысты вакцина бар. Жыл сайын штамптар өзгереді және вакцина вирустың болжанған түріне сәйкес шығарылады. Жыл сайын әлемдегі көптеген адамдар осындай вакцинаны салдырады.

Әсіресе қарттар мен жүкті әйелдерге, дәрігерлерге және басқа да санаттағы адамдарға вакцина салдыру дұрыс болар еді. Егер дәрі-дәрмек өндірушісі дұрыс штампты таңдаса, адамдардың вирусты жұқтырмау немесе ауруды жеңіл формада өткізу мүмкіндігі жоғары болады. Бұл әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде өте маңызды. Егер тұмауға коронавирус инфекциясы қосылса, оны емдеу әлдеқайда ауыр өтеді. Сондықтан вакцинация өте қажет. Тұрғындардың қыркүйек-қазан айларында екпе егуі де дұрыс қадам болды", - деп түсіндірді профессор.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 747 адам тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 142 325-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889361-koronavirus-pandemiasy-kasan-aaktalady-otandyk-galym-z-bolzamyn-ajtty/

pixel