Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эстрада жұлдыздарына есірткі тасығанын айтқан журналист сотталды

Жарияланған күні:

Әнші2
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қалалық соты қазақ эстрадасының танымал өкілдеріне есірткі апарып беруге көмектескенін айтқан журналист Гаухар Мұсаға қатысты шешім шығарды. Судья оны айыпты деп танып, 3 жыл 6 айға соттады деп жазады Түркістан басылымы.

Сот шешіміне сәйкес, Гаухар Мұса жазасын орташа қорғалған түрмеде өтейтін болды.

Бұған дейін бойжеткенге есірткі тасымалдады деп айып тағылған еді. Алайда сот оған "есірткі табуға көмектесті" деген айыппен шешім шығарған.

Прокурор болса күдіктіні 12 жылға соттауды сұраған.

Айта кетейік, бұған дейінгі сотта Гаухар Мұса өзінің бірнеше эстрада әншісіне есірткі алуға көмектескенін айтқан болатын.

Осыған байланысты судья істі тергеу кезінде Нұр-Сұлтан қалалық полициясы дұрыс тергеу жүргізбегенін жеткізді. Олар Гаухар Мұсаның сөздері бойынша өзге тұлғаларға қатысты толық тексеру жұмыстарын өткізбегенін ескертті.

"Сот Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Мұса Гаухарға қатысты тергеу кезінде қылмыстық-процесуалдық заң өрескел бұзылғанына мән беруі керек. Қаулының екі түрі де Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры мен Мәдениет және спорт министрлігіне жіберілуі керек", деді судья Мекемтас.

Өз шешімін түсіндіру кезінде судья журналистің бұрын сотталмағанын, жасын және басқа да факторларды ескере отырып, оған ең аз жаза мерзімі қарастырылғанын айтты.

Еске сала кетсек, Facebook желісінде қазақстандық танымал әншілердің аты аталған қолхат тарап кеткен еді. Онда Гаухар Мұса есімді азаматша есірткі сатумен айналыспайтынын, "тек эстрада жұлдыздарына оны сатып алуға көмектескені" жайлы айтады.

Қолхатта Қайрат Нұртастың және өзге де тұлғалардың есімдері аталған.

Жазбаша мәтінді Ораз Әлімбеков есімді желі қолданушысы Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889517-estrada-zldyzdaryna-esirtki-tasyganyn-ajtkan-zurnalist-sottaldy/