Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Қазақстанда басқа мемлекет құрмақ болғандар туралы айтты

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шығыс Қазақстанда бір топ адам әкімдікті басып алып, Алтай Республикасын құрғысы келгенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Жоғарғы кеңесте шенеуніктер арасында дау-дамай көп болғанын айтып, олар бір шешімге келе алмағанын атап өтті.

"130 кәсіпорын тоқтап, 2 миллион адам жұмыссыз қалды. Ал жылдық инфляция 2 000 проценттен асты. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы жағдай осындай болды", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінде.

Толассыз дау-дамайлар кесірінен 360 депутат бір мәмілеге келе алмаған. Назарбаевтың айтуынша, сол кезде Қазақстанның өз ішінде бөлініп кеткісі келгендер де табылған. 

"Бір этнос көп шоғырланған жерлерде бөлініп шығайық дегендер болды. Орал казактары бой көрсетті, Шығыс Қазақстаннан да табылды. Ондайлар көп еді. Сосын көрші елден келген араңдатушылар жүрді. Бізге жермен бірге өтіңдер деп үгіттеді. Осының бәрін дер кезінде тоқатуға тура келді", - деп атап өтті Назарбаев.

Осы ретте ол Шығыс Қазақстанда болған бір жағдайды еске алды. Онда бір топ адам әкімдікті басып алып, Шығыс Қазақстанды бөлек құрылым ретінде жариялағысы келген.

"Нақты есімде жоқ, Алтай Республикасы ретінде жариялағысы келді-ау деймін. Бірақ осындай жағдай да болған. Біз оны да дер кезінде анықтадық, барлық адамды ұстадық. Соттадық. Ондайға жол беруге болмайды", - деп еске алды Назарбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасы тәуелсіздік жылдардағы кадрлық тағайындаулар туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889665-nazarbaev-kazakstanda-baska-memleket-krmak-bolgandar-turaly-ajtty/