Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ижи Урбанец: Біздің міндетіміз – SANTO-ны Орталық Азияда дәрі-дәрмектерді шығару бойынша көшбасшы ету

Опубликовано:

Ижи Урбанец
Ижи Урбанец. Фото: SANTO

SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында өткен жылдағы жетістіктер және болашаққа жоспарлар туралы айтып өтті. Компания басшысы SANTO дәрі-дәрмектерді отандық препараттармен импортты алмастыруды арттыруға тырысады деп сендірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ижи Урбанец өткен жыл қиын әрі эмоцияларға толы болғанымен, сонымен қатар қызықты әрі табысты болғанын атап өтті.

- SANTO-ның бір жыл ішінде қандай жетістіктерге жеткенін айтып өтсеңіз?

- Біз көптеген кезеңдерден өтіп, бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктерімізге ризамыз. SANTO ел үкіметі алдымызға қойған барлық міндеттерді орындады – антибиотиктер мен кардио препараттарының өндірісін арттырды. Сонымен қатар, біз дәрігерлер мен фармацевттерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге көмектесіп, медицина персоналы үшін стационарларға азық-түлік жиынтықтарын ұйымдастырдық.

Дәрі-дәрмектерге сұраныс 30%-ға артқанын атап өткім келеді, егер біз жылына 70 млн қаптама шығарған болсақ, келесі жылы өндірісті кеңейту туралы шешім қабылданды. Біз барлығына дайын болу үшін қоймаларымызды толықтыруымыз керек.

Біздің ендігі міндетіміз – Орталық Азияда көшбасшы болу, демек, экспортты ұлғайту. SANTO өз қызметін Өзбекстанда бастайын деп отыр, онда 2021 жылдың басынан бастап 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейтін болады.

- Пандемия кезінде компания қандай қиындықтармен кездесті? Дәрі-дәрмектерді жеткізуде күрделі мәселелер туындады ма?

- Дүрбелең, қобалжу болған кезде әрдайым тапшылық болады. Егер адамдар дәрі-дәрімектерді артығымен алса, жетіспеушіліктің болуы ықтимал, бірақ мәселе бұл тапшылықтың қанша уақытқа созылуында. Қазақстанда ол қысқа мерзімді болып, кейіннен бұл дүрбелеңді жеңе білді. Қазір бұл ахуалға барлығы дайын болғандықтан, мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын.

Егер SANTO туралы айтатын болсақ, өндіріс көлемін және оның тоқтаусыз жұмыс істеуін арттыру қажеттілігі кезінде қиындықтар болды. Жұмыс үдерісін өзгерту қажет болды – мысалы, адамдар енді біздің асханада бәрі бірге тамақтана алмады, түскі ас оларға жеке жеткізілді, ал басқа адамдармен байланысын азайту үшін қызметкерлерді жұмысқа арнайы дезинфекцияланған автобустармен жеткізуге тура келді. Жалпы, біз барлық ауыртпалықтарды жеңе білдік деп ойлаймын.

- Дәрі-дәрмектің бағасы көтерілді ме, егер көтерілген болса, қанша пайызға?

- SANTO СК-Фармация арқылы мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне дәрі-дәрмектердің кең жиынын жеткізеді. Ковид пандемиясының басталуымен біз тұрақты бағамен жеткізуді жалғастырдық, дегенмен ұлттық валютаның құнсыздануы елеулі өзгеріп, кейбір өндіріске қажетті материалдардың бағасы көтерілді, және шекаралардың жабылуына байланысты логистика да қымбаттады. Қосымша шығындар абсорбциясының бір ғана жолы бар – бұл өндіріс тиімділігін арттыру.

Қазақстанда бөлшек сауда дәріхана нарығында дәрі-дәрмектердің бағалары да реттеліп отырады, біз, шекті көтерме және бөлшек бағаларды қамтитын және жылына екі рет бекітілетін, шекті бағалар бойынша бұйрық шыққанға дейін жарты жыл бұрын өндіруші ретінде өз бағаларымызды мәлімдейміз. Ковид пандемиясы басталғаннан бері бүкіл кезең бойы мемлекеттік органдар реттейтін және бақылайтын бекітілген бағалар деңгейінде жұмыс істедік және жұмыс істеудеміз.

Бұл ретте біз дәрігерлерді және денсаулық сақтау жүйесін қолдауға өз қаражатымызды салдық, жұмыс орындарын сақтап қалдық және жаңа қызметкерлерді қабылдадық – Шымкентте 70-ке жуық адам жұмысқа кірісті.

- Сіздің ойыңызша, компанияның басқалардан айырмашылығы неде?

- Медикаменттерді жеткізетін және сататын компаниялар бар. Импорттық препараттарды отандық дәрі-дәрмектермен алмастыру бағытында жұмыс істеу дұрыс деп ойлаймын, біз осымен айналысып жатырмыз; бүгінде бұл сала жақсы дамуда. Біз әр түрлі нысандағы дәрі-дәрмектерді шығарамыз – таблеткалар, капсулалар, шәрбаттар, ампулалар, антибиотик ұнтақтары, инфузиялар, ал басқа өндірушілер – тек дәрі-дәрмектердің кейбір түрлерін шығарумен айналысады.

Біздің R&D орталығы деп аталатын, жаңа препараттарды әзірлеу және зерттеу бөліміміз бар, оның қызметкерлері өз фармацевтикалық өнімдерін жасаумен айналысады. Биыл біз 12 жаңа өнімді іске қостық. Сондай-ақ, біз үлкен жобаға инвестиция саламыз, соның шеңберінде құны 15 млн доллардан асатын жаңа сапа зертханасын салатын боламыз.

- Қандай өнімдер барынша табысты деп саналады?

– Ең табыстысы – кардио препараттар мен антибиотиктер. Біріншісі біз үшін маңызды, себебі жүрек-тамыр жүйесі ауруларын емдеу – күрделі және бәсекеге қабілетті орта болып табылады. Кардиологтар өздері сенбейтін дәрі-дәрмектерді пайдалануға тәуекел етпейді. Бес жыл ішінде SANTO осы бағытта көшбасшы болды, себебі біздің препараттарымыз – қауіпсіз, тиімді әрі сапалы.

Антибиотиктерге келетін болсақ, біз олардың барлық түрлерін шығарамыз. Жақында Еуропада салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, онда біздің антибиотиктер түпнұсқасы сияқты тиімді екені расталды, біз бұл мақтауға тұрарлық деп санаймыз.

- Фармацевтика саласындағы соңғы бірнеше жыл ішіндегі өзгерістерді қалай бағалайсыз?

- Мен Қазақстанның осы саланы қалай салғанын, Елбасы осыған қалай бастамашы болғанын құрметтеймін. Ол фармацевтика – ең басты салалардың бірі, адамдардың денсаулығы осыған тәуелді екенін білді. Ал Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің 2020 жылғы 18 қарашадағы соңғы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылға қарай Қазақстан өз фармөндірісінің үлесін 50%-ға дейін арттыруды көздеп отырғанын айтты. Оның айтуынша, осы саладағы инвестициялық жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады.

Егер бес жыл бұрын отандық өндірушілердің нарықтағы үлесін қарайтын болсақ, ол шамамен 8%-ды құрады. Биыл ол 17%-ды құрайды, бұл импорттық препараттардың басым бөлігі отандық дәрі-дәрмектермен алмастырылғанын білдіреді. Мұнда сатылатын дәрі-дәрмек қаптамаларының шамамен 30-35%-ы Қазақстанда өндірілген, бірақ бұл бағытта мәлімделгендердің 50%-ына 2-3 жылдан кейін қол жеткізілетініне сенімдімін.

- SANTO-ның алдағы жылға жоспарлары қандай?

- Орасан зор. Алдымен, Өзбекстан нарығына шығып, біздің дәрі-дәрмектерімізді сол жерде сатуды бастау. Біз осы елге экспорттың жоғары өсімін күтіп отырмыз. Екіншіден, жаңа өнімдерді енгізу. Бес жыл ішінде біз дәрі-дәрмектердің елуге жуық жаңа позициясын қосуды жоспарлап отырмыз. Көптеген халықаралық компанияларда инновациялық индекс 5-7%-ды құрайды, бізде қазір 8%-ға тең, және біз 10%-ға дейін арттыруды күтіп отырмыз.

- Компания коронавирустың жаңа толқынына қаншалықты дайын?

- Мен дайынбыз деп санаймын, біз қашықтан жұмыс істеуге үйреніп қалдық және оның барынша тиімді екенін көріп отырмын. Екінші толқынға барлығы дайын, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілдік. Вакцинаны күтіп отырмыз, содан кейін бәрі жақсы болады. Біз осы қысты аман өткізсек, содан кейін таң арайлап атып, барлығы жақсы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889713-izi-urbanec-bizdi-mindetimiz---santo-ny-ortalyk-aziada-dri-drmekterdi-sygaru-bojynsa-ksbassy-etu/

pixel