Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір жылда соғым қаншаға қымбаттады

Опубликовано:

Ет базар1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қыс азығы – соғым. Биыл жылқының да, сиырдың да құны өскен деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір соғымның қызған шағы. Телеарна тілшісі бағаны білмек болып, елорда сыртындағы шаруа қожалығына келген.

Ол жерде жабағылардың құны 200 мың теңге. Ал тай аламын десеңіз 350 мың теңгеңізді қалтаңыздан шығарып беруіңіз керек. Одан жоғары құнан, биелердің биылғы құны 500 мың мен 600 мың теңгенің аралағында.

Шаруаның айтуынша, биыл соғым қымбаттаған.

"Себебі жем қымбат. Малды семірту үшін жемді тоннасын 70-80 мың теңгеден алып отырмыз. Сондықтан малдың бағасы қымбаттап бара жатқаны. Ал 70-80 мың теңгеден төмен болса, онда малдың бағасы да түсер еді. Бұрын біз тоннасын 100 теңгеден алатын едік. Сосын 2500 теңгеге машина жалдап, 3 мың теңгеге бір машина жем әкелетін едік. Қазір 300 мың теңгеге әкелеміз. Ал қыс бойы бізге 10 машина жем керек", - дейді Қараөткел ауылының тұрғыны Дәулет Қасенбаев.

Шаруаның сөзінше, тайлар биыл бірден 70-80 мың теңгеге қымбаттаған. 350 мыңның соғымы былтыр ғана 270-280 мыңнан сатылған екен.

Сатушы Меруерт Исмаилова да биыл еттің бағасы былтырғыға қарағанда жоғары екенін айтады. Биыл қазы, шұжық 2800 теңгеден, жылқы еті 2400 теңгеден сатылып жатыр.

Сатушы Ғафуза Байтасованың сөзінше, сиыр еті де былтырғыға қарағанда қымбаттаған. Былтыр жаңа жылда 1800 теңге болса, қазір 2200 теңгеден сатылып жатыр.

Бұған себеп ет алып келушілер қойған бағаның өсуі екен.

Айта кетейік, бұған дейін ел тұрғындары айлығының жартысын тамаққа жұмсайтынын жазған едік.

Сонымен қатар елімізде кедейлік деңгейі өскенін, ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889772-elimizde-bir-zylda-sogym-kansaga-kymbattady/

pixel