Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар айлығының басым бөлігін қайда жұмсайды

Опубликовано:

Айлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандықтар айлығының жартысын тамаққа жұмсайды. РИА Новости агенттігі жасаған зерттеу қорытындысы осыны көрсеткен деп хабарлайды Астана арнасы.

Агенттік әлем елдерінің азық-түлік алуға кететін шығынын есептеген.

Рейтингтің көшінде Люксембург тұр. Бұл жақтың тұрғындары табысының тек 8 пайызына тамақ алады.

Одан кейінгі орында Нидерланд пен Ұлыбритания.

Ал жалақысының тең жартысын тамақ алуға беретін елдердің қатарында бұрынғы Кеңес Одағына мүше болған мемлекеттер кірген.

Қазақстан 40-шы орында тұр. Жалақыларының 49 пайызына тамақ алады.

Одан кейін көршілес Украина мен Молдова. Ал Ресей 31-ші орынға жайғасқан.

Отбасылық бюджетті көбіне мәдени демалысқа бөлетін елдер қатарында Швеция, Ұлыбритания мен Австрия бар. Қазақстандықтар бұл бағытқа табысының 2-і пайызын ғана бөледі екен.

Ә. Өмірзақ

Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтқан еді.

Ведомстовоның мәліметінше, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметкерлердің айлығы өседі. Шамамен 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл үшін республикалық бюджеттен алдағы үш жылға 95 миллиард теңге қарастырылған.

Сонымен қатар елімізде кедейлік деңгейі өскенін, ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1889731-kazakstandyktar-ajlygyny-basym-bligin-kajda-zmsajdy/

pixel