Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мешітте түнеген": Сарыағашта із-түзсіз жоғалған 13 жастағы қыз табылды

Опубликовано:

Қыз бала
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 13 жастағы қызды тапты деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайт мәліметіне сәйкес, полиция бөлімшесіне түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

Әйел өз арызында кешкі сағат 17:30-дарда қызы үйінен шығып кетіп, хабарсыз кеткенін жазған. Ол өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпағасын, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, білуі мүмкін деген достарынан 13 жастағы қыз туралы сұрастырды. Нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, ол орталық мешіттің жанынан табылды.

Тексеру барысында қыз баланың ағасымен ренжіскеннен кейін үйінен шығып кетіп, мешітте түнегені белгілі болған.

Қазіргі таңда жасөспірім қыз анасына аман-есен табысталды.

"Қызым белгісіз себептермен үйден шығып кеткен болатын. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Сарыағаштық полицейлер жедел іздестіріп, қызымды тауып берді. Полицейлерге алғысымды айтамын", – деп ризашылығын білдірді қыздың анасы.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда үш күндік іздеуден кейін таудан табылған тұрғын қайтыс болғанын жазған едік.

Кейін қайтыс болған азаматтың сүйіктісіне жолдаған соңғы хатында не деп жазғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889793-mesitte-tnegen-saryagasta-iz-tzsiz-zogalgan-13-zastagy-kyz-tabyldy/

pixel