Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шекарасында құны 53 миллион теңгелік контрабанда тәркіленді

Опубликовано:

Контрабанда
Фото: Қаржы мониторингі комитеті

Алматы облысындағы "Алтын көл" кеден бекеті арқылы Қытайдан Қазақстан аумағына әкелінбек болған контрабандалық өнім тәркіленді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құзырлы мекеменің хабарлауынша, Алматы облысы бойынша Экономикалық даму департаментінің қызметкерлері "Экспресс-Груз" ЖШС директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 234-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы (Аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) бойынша тергеу жүргізуді аяқтады.

Іс халық тұтынатын тауарларды (тоқыма мата, құрылыстық және тұрмыстық керек-жарақтар) шекара арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша қозғалған.

Қытайдан Қазақстанға "Алтын көл" кеден бекеті арқылы теміржол контейнерлерімен әкелінген жүктің кедендік құны 53,3 млн теңгені құрап отыр.

Сот өтіп, серіктестік басшысы кінәлі деп танылды. Ол 3,7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мүлік мемлекет кірісі ретінде тәркіленді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында қылмыстық топты ұстау бойынша операция видеоға түсіп қалғанын жазған едік. Қылмыстық топтың барлық мүшесі – 22-29 жас аралығындағы Талдықорған қаласының тұрғындары. Ұсталғандар Талдықорған, Сарқан және Көксу аудандарындағы 12 пәтерді тонағандарын мойындап, түсініктеме берген.

Одан бөлек, Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталғанын жазған болатынбыз. Жауап алу барысында күдіктілер жылқыны Сарыағаш қаласындағы жайылымдардың бірінде қараусыз жүрген жерінен жымқырғанын мойындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889928-kazakstan-sekarasynda-kny-53-million-tegelik-kontrabanda-trkilendi/

pixel