Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірінші жағдай емес: Петропавлда сырғанауға барған қыз комаға түсті

Опубликовано:

Сырғанайтын баллон
Көрнекі фото: vesti.ru

Әлеуметтік желіде Петропавл тұрғыны сырғанауға барған соң ауыр халде ауруханаға түсіп, комада жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметке қатысты Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Боркидегі төбешікте сырғанайтын баллонда отырған қыз ағашқа соғылып, ауруханаға жеткізілген. Қазір комада жатыр. Ал аталған орын жабылды.

"Бұл мұндағы бірінші жағдай емес",- деді желі қолданушылары әлеуметтік желіде.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. Ведомство бойжеткеннің жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Жағдайы ауыр.

Басқарма дерегінше, Борки қалалық кентінде спортшыларға арналған шаңғы-роллерлі жол бар. Алайда, адамдар мұнда төбешіктер жасап, түрлі жолдармен сырғанайды екен. Оқыс оқиғадан кейін аумаққа қоршау қойылды.

Айта кетейік, Кіші Алматыда төрт және алты жасар екі бала мұз астына түсіп қайтыс болды. Олар ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген.Алматы облыстық ТЖД ақпарынша, аталған дерек 5 қазанда Іле ауданында Түймебаев ауылында тіркелген. Өзенде ойнап жүрген 2014 жылғы және 2016 жылғы екі бала мұз астына түсіп, қайтыс болған. Балалардың денесін туыстары шығарып алған.

"Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Бүгінде өңірдің су арнасындағы мұз қалыңдығы адам салмағын көтере алмайды. Осыған байланысты алдын алу шараларын сақтап, қатпаған мұзға шықпауға кеңес береміз. Салқын суға түскен адам 10-15 минут ішінде тоңып, 20 минуттан кейін есінен танып қалуы мүмкін",- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889946-birinsi-zagdaj-emes-petropavlda-syrganauga-bargan-kyz-komaga-tsti/

pixel