"Қиын жағдайға тап болғанын" айтқан адамға сенген тұрғын сан соғып қалды
Жарияланған күні:
Түркістанда полицейлер бірнеше рет сотты болған қызылордалық азаматты бейнебақылау камералары арқылы ұстады деп хабарлайды polisia.kz.
Басылымның жазуынша, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адам үйінен ұялы телефоны мен құжаттарын алдап, ұрлап кеткені туралы арызданған.
Жәбірленушінің айтуынша, күдікті олардың сеніміне кіріп, "қиын жағдайға тап болдым" деген сылтаумен ақша сұраған.
Содан кейін жәбірленушілердің байқамай тұрған сәтін пайдаланып, "Samsung" маркалы ұялы телефон мен құжаттарды ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 120 мың теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелген.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан ҚПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары келіп, жақын маңдағы барлық аумақтарды, көшелер мен үйлерді аралап шыққан. Бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлер мен көршілерден жауап алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ күдіктіні тіркеген бейнекамералардың арқасында бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталған.
Анықталғандай ол бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғыны болып шыққан.
Тергеу барысында күдіктінің Түркістан, Шымкент қалаларында және Қызылорда облысында жасалған алаяқтық пен бөтеннің мүлікін ұрлаудың алты фактісіне қатысы бар екені анықталған.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер азамат қамауда.
Айғақты зат ретінде алынған телефон мен құжаттар заңды иелеріне қайтарылған. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және бейтаныс адамдарға аса сенбеуге кеңес береді.
Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да өзін медицина қызметкерімін деп таныстырып, зейнеткерлерді тонаған әйелдің ұсталғанын жазған едік.
Сонымен қатар Алматыда дүкен сатушыларын гипноздап, ақшасын алып кетіп жүрген әйелдің қолға түскенін хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890044-kiyn-zagdajga-tap-bolganyn-ajtkan-adamga-sengen-trgyn-san-sogyp-kaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.