Шымкентте подъезде ер адам зорламақ болған зейнеткер әйелдің жағдайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Шымкенттегі үйлердің бірінің подъезінде 70 жастағы әйелге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Бейтаныс ер адамның зейнеткерді зорламақ болғаны айтылды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің қазіргі жағдайын баяндады деп хабарлайды Otyrar.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, болған жағдайдан кейін зейнеткер ауруханаға жүгінген. Алайда ол шабуыл салдарынан алған жарақаттары туралы ақпаратты дәрігерлердің жариялауына тыйым салған.
Шақырту жедел жәрдемге түскен. Дәрігерлер Шымкент тұрғынын №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, онда тиісті көмек көрсетілген.
"Әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Сол себепті оны учаскелік дәрігер бақылауына алды. Қазір оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - дейді басқарма.
Бұл оқиғаның үш күн бұрын орын алғаны айтылды. Күдікті әзірге ұсталмаған.
Еске салсақ, Көкшетауда күдіктінің қайтыс болуына байланысты 13 жастағы оқушы қызды зорлау және өлтіру туралы қылмыстық іс жабылды.
Оған қоса, Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады.
Қазір азамат қамауға алынған. Ал жүкті қыз перзентханада жатыр.
Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
Егер аталған факті дәлелденсе, ер адамға 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890050-symkentte-podezde-er-adam-zorlamak-bolgan-zejnetker-jeldi-zagdajy-belgili-boldy/