jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қостанайда өгей әкесі 12 жасар қызын зорлап, жүкті етті деген күдікке ілінді

Зорлау
Көрнекі фото: ktk.kz

Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады. Қазір азамат қамауға алынған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ал жүкті қыз перзентханада жатыр.

Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, жыл басында "зорлау" бабы – орташа ауырлық дәрежесінен ауыр қылмыстар санатына ауыстырылған болатын.

Егер аталған факті дәлелденсе, ер адамға 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Айта кетейік, осыған дейін полиция қызметкерлері Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығын қолға түсіргенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзенде пышақпен қаруланған төрт белгісіз адамның инкассатор көлігіне шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейінірек бұл жағдайға қатысты құқық қорғау саласының мамандарі пікір білідірп, күдіктілерді істестіріп жатқанын мәлімдеді. Алдын ала дайындықпен жасалған бұл қылмысты ашу үшін Маңғыстау облысының Полиция департаменті мен қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Олар бейнебақылау камераларын мұқият зерттегенін жеткізді.

Сонымен қатар, қылмыскерлер бой жасыруы мүмкін маршруттардың жасалғаны белгілі болды. Ведомство мәліметінше, Жаңаөзен қаласына барлық кіру және шығу жолдары жабылған. Деректер базасы бойынша зиянкестер автокөлігінің сипаттамасына сәйкес келетін барлық көліктер анықталып, тексеріліпті.

Қостанайда өгей әкесі 12 жасар қызын зорлап, жүкті етті деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.