Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 мың теңгесін ұрлаған": Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Кіреберісте болған зорлау әрекеті
Видеодағы кадр: instagram.com/otyrarkz

Шымкентте каланың көпқабатты үйлерінің біріндегі подъезде әйел адамды зорламақ болған күдікті қолға түсті деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің брифингінде белгілі болды.

"Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау үшін бірқатар шара қабылдады. Нәтижесінде ол 20 желтоқсанда ұсталды. Күдікті 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу амалдарын жүргізу барысында ол жәбірленушінің қалтасынан 8000 теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды. Айып тағылғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады", - деді ведомствоның ресми өкілі.

Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған фактіге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталған.

"Ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тағайындалған сараптама мен тергеу шаралары нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - деді Нұрділдә Ораз.

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте подъезде зейнеткерді зорламақ болған азамат видеоға түсіп қалған еді.

Болған жағдайдан кейін зейнеткер ауруханаға жүгінген. Алайда ол шабуыл салдарынан алған жарақаттары туралы ақпаратты дәрігерлердің жариялауына тыйым салған.

Шақырту жедел жәрдемге түскен. Дәрігерлер Шымкент тұрғынын №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, онда тиісті көмек көрсетілген.

"Әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Сол себепті оны учаскелік дәрігер бақылауына алды. Қазір оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890136-8-my-tegesin-rlagan-symkentte-zejnetkerdi-zorlamak-bolgan-kdikti-staldy/

pixel