Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2021 жыл қандай болады: Отандық белгілі астролог өз болжамын ұсынды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Белгілі отандық астролог Елена Топольская алдағы жыл қандай болатынын айтып, болжам жасады деп жазады Zakon.kz.

Сиыр жылы Қытайдың күнтізбесі бойынша, 2021 жылдың 3 ақпанынан 4-не қараған түні болады. Дәл осы дата астрология тұрғысынан маңызды, ал Қытайда және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінде атап өтілетін 2021 жылғы 12 ақпандағы ай күнтізбесі бойынша 2021 жыл Сиыр жылы болып саналмайды.

Топольскаяның сөзінше, Сиыр жылының ең берік стихиясы - Металл мен Жер."

Бұл дегеніміз, банк секторы өзін сенімді сезінетінін, заң ғылымына, мемлекеттік басқаруға қатысты барлық нәрсе жақсы болады. Мемлекеттік реттеу ең жақсы деңгейде болады, барлық жағдайды жеңе алады және процестерді реттеп, жағдайды тұрақтандырады деп күтуге болады. Жаңарудың, жаңа бастамалардың, құндылықтарды қайта бағалаудың уақыты 2022 жылға сәйкес келеді, ал 2021 жылы жағдайды оңтайландыру арқылы тұрақтандыру шебінде өтеді. 2021 жыл ақшаны үнемдеуге, бұрын жинақталған мүлікті сауатты басқаруға қолайлы және адамдарға үлкен мансаптық мүмкіндіктер бере алады, - дейді Топольская.

Сонымен қатар, маман инновация, жаңа бастамалар, жаңа бизнес мүмкіндіктері тұрғысынан мүмкіндіктер онша көп болмайтынын атап өтті.

"Жылдың ең сәтті белгісі - Тауық. Сиыр, барыс та жетістікке жете алады. Жылқы жаңашылдықтың басталу кезеңі. Олар жалпы болжамға қарамастан өзінше әрекет ете білуі керек, бірдеңе іске асыруы керек, сонда нәтижесі жақсы болады, - деді астролог.

Бұл жыл кімге жағады?

Топольскаяның болжамынша, келе жатқан Сыир жылында "8" жұлдызы Батыста болады, сондықтан Батыс үшін бұл жыл ең табысты және қолайлы болмақ. Бұл жұлдыз - Тауықтың сәттілік белгісі.

Бұл белгінің өкілдеріне алдағы жылды тиімді пайдалануға кеңес беріледі."9" жұлдызы Сиыр мен Барысқа тиесілі. Оларға көпшілік алдында сөйлеу қабілетінің арқасында жақсы жарнама жасап, маркетинг, жобаны, өнімді, қызметті жылжытуға жақсы мүмкіндіктер береді. Ол тәуекелді жұмыстарда табысты болады. Бұл жұлдыз инвестиция үшін де жақсы.

Жылқы жылы өмірге келгендер үшін көп еңбектенуге тура келеді. Келесі жылы олар "1" жұлдызына тап келеді, ол жаңа табысты бастамаларды, саяхаттарды, жаңаруларды және қақтығыстарды уәде етеді. Сондай-ақ, Жылқы жылы туғандар дені сау, дарынды балаларды дүниеге әкелуге мүмкіндіктері мол болады.

Махаббат және романтика

Махаббат пен романтика жұлдызы - "4" Қоян жылында өмірге келген адамдарға түседі. Бұл жұлдыз - сәттілік, махаббат, шығармашылық және романтиканы белсенді етеді.

Елена Топольская Қояндарды келесі жылы олардың жеке өміріне байланысты таңқаларлық жағдайла күтіп тұрғанын апат өтті.

Сондықтан бұл жылы өз жарын табуды қалайтын бойдақ Қояндар үшін қолайлы болмақ. Көбінің махаббаттан басы айналады. Сондай-ақ, Қояндар шығармашылық, әдебиет, сурет салу, рухани даму, тілдерді үйрену және жаңа дағдыларды игеру жолында сәттілікке ие болмақ.

Үлкен қиындықтар

Қауіпті жұлдыз - "5" ұлу мен жыландарға әсер етеді. Ол қиындық пен стресті тудырады. Топольскаяның айтуынша, ұлу бұл сынаққа төзімді және жылан жылы туғандар үшін астролог Тауық пен Сиыр жылымен туғандармен көбірек сөйлесуге кеңес береді. Олар сондай-ақ тұмар ретінде салпыншақ, кулон тағуға немесе Тауықтың бейнесін немесе кез-келген құстарды қолдана алады.

Ауру-сырқаттар

"2" - ауру шақыратын жұлдыз тышқандарды күтеді, олар үшін келесі жыл қиын болады, кірістері төмендейді."Бұл белгінің өкілдеріне көбіне, әліптің артын бағып, өз күшін сақтауға кеңес беріледі. Тышқан жылында туғандар өзіне бақылаушы позициясын қабылдауы керек. Бірақ, "2" - ауру шақыратын жұлдыз маңында тұрғанына қарамастан, олар үшін жақсы жаңалық бар - Сиыр тышқанның құпия досы, сондықтан досы әрі одақтасы ретінде сырттай қолдайды, - дейді астролог.

Күрес

Жанжалдар мен қақтығыстардың жұлдызы "3" Қой мен Мешіндерге әсер етеді, олар белсенді өмір салтын ұстану ұсынылады, жанжалды жағдайлардан аулақ болып, олардағы шиеленісті сәттерді жою үшін спортпен айналысқаны жөн.

Топольскаяның айтуынша, "3" жұлдызы теріс деп саналса да, көбінесе жеке тұлғаны жаһандық қайта құруға және спорттағы жоғары жетістіктерге бағыттайды.Бұл белгілер үшін өмірін қайта парақтап, бір қорытынды шығаратын уақыт келді, - дейді астролог.

Заң, дау-дамай

Заңмен, өсек-аяңмен, дау-дамаймен байланысты жағымсыз, арандатушылық мәселелерді тудыратын "7" жұлдызы Сиыр жылында Доңыз бен Ит жылында дүниеге келгендердің маңына тоқайласады.

"Алдану, ақша мен мүлік жоғалту қаупі бар. Мен бұл белгілердің өкілдеріне қаржылық және құқықтық мәселелерде өздерін қорғауды, заң шеңберінде әрекет етуді, көп ақша ұстамауға кеңес беремін," - деді Топольская.

Сонымен қатар, Доңыз бен Иттер барлық сөздеріне мұқият болуы керек, дейді астролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890212-2021-zyl-kandaj-bolady-otandyk-belgili-astrolog-z-bolzamyn-syndy/