Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі жылдан бастап қазақстандық кәсіпкерлерді тексеру ережесі өзгереді

Опубликовано:

той-банкет1
көрнекі фото: pixabay.com

Келесі жылдан бастап қазақстандық кәсіпкерлер жаңа ережеге сай тексеріледі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тиісті ұсыныстар енгізілді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Санитарлық дәрігерлер кәсіпкерлерге тексерулер туралы алдын-ала ескертуге міндетті болады, ал рейдтердің нәтижелері енді әкімдіктердің сайттарында жарияланады.

Сонымен қатар заң бұзушылықтар туралы хаттамаға енді фото және видео дәлелдемелер қосылуы қажет, ал мониторингтік топтардың мүшелеріне арнайы куәліктер берілетін болады.

"Кәсіпкерлер бейтаныс адамдар жиі келеді деп шағымданады. Кейбір адамдар өзін таныстырмайды, өзін мониторингтік топтың мүшесімін деп айтады, бірақ тиісті құжатты көрсете алмайды. Кешірім сұраймын, бірақ олар бизнес үшін қиын кезеңде ақша тапқысы келген алаяқтар болуы мүмкін", - дейді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір.

Арнайы комиссия енді нысандарды тек бес пункт бойынша тексереді. Олар маска режимі, әлеуметік қашықтық пен санитарлық дәрігерлер бекіткен жұмыс кестесінің сақталуы және келушілердің саны мен жаппай іс-шаралар өтпеуін қадағалайды.

Мониторингтік топ мүшелерінің кәсіпкерлерді жазалауға құқығы жоқ. Мұндай өкілеттіктерге тек санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ие.

Қазіргі уақытта жаңа ережелер тек Түркістан облысында қолданылады. Басқа аймақтарда қаңтар айынан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890293-kelesi-zyldan-astap-kazakstandyk-ksipkerlerdi-tekseru-erezesi-zgeredi/

pixel