RU

"Топ болып зорлау" ісі бойынша сотталған азаматтың жақындары үндеу жасады

Сотталушының туыстары
Видеодан кадр: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Әлеуметтік желіде топтасып зорлау ісі бойынша сотталған азаматтың туыстары жасаған видеоүндеу жарияланды. Семей тұрғынының әкесі қылмыстық іс бойынша әділ тергеуді сұрап отыр. Өтінішке Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды YK-news.kz

Сотталушының әкесі Мұрат Хасенов оның бұрынғы өтінішін сот органдары мен тергеу органдары ескермеген деп санайды.

Ер адам Қазақстанда жеткілікті дәлелсіз адамды шынымен соттауға бола ма деген сауал қойды.

Ол сот жүйесінің немесе тергеудің қызметін қаралауға ниетті емес екенін, оған тек әділеттілік қажет екенін мәлімдеді.

Семейлік тұрғынның сөзінше, бірнеше ережелер бұзылған. Мәселен, жәбірленушінің организмінде алкоголь бар-жоғын анықтайтын медициналық тексеріс жүргізілмеген.

"Неліктен зорлық-зомбылықтың жоқтығы айқын көрсетілген сарапшылардың қорытындысы есепке алынбайды? Менің балам жағдайдың құрбаны және өзі жәбірленуші", - дейді Мұрат Хасенов.

Сонымен бірге ер адамның анасы да ұлын кінәсіз және дәлелсіз сотталды деп есептейді.

"Менің ұлымның отбасы, екі кішкентай баласы бар. Жаңа жыл қарсаңында олар сыйлық емес, әкелерін қайтаруды сұрап отыр. Әділ сот төрелігіне үміттенемін", - дейді әйел.

Видеоүндеуге Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жауап берді.

Ведомствоның хабарлауынша, Семейдегі № 2 сот үкімімен Хасанов пен Хасенов алдын ала сөз байласу арқылы топтасып зорлау ісі бойынша кінәлі деп танылған. Екеуі де 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 28 шілдедегі қаулысымен Семей қаласының №2 сотының сотталушыларға қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды", - деді өңірлік ПД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890332-toptasyp-zorlau-isi-bojynsa-sottalgan-azamatty-zakyndary-ndeu-zasady/