jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбелік белсендіге әлеуметтік желіге пікір жазуға сотпен тыйым салынды

Ұялы телефон
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбе қалалық соты Әлібек Молдиннің бас бостандығын бір жылға шектеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғам белсендісі қылмыстық кодекстің 405-бабы 2-тармағымен тергеліп, тыйым салынған ұйым жұмысына араласқаны үшін айыпталған.

Ол "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалыстарының жұмысына қатысқан.

Сот осыған дейін үйқамақта болған Молдиннің бас бостандығын бір жылға шектеді.

Ол енді бір жыл бойына пробация қызметінің бақылауында болады және мекенжайын өзгерте алмайды. Судья айыпталушыға әлеуметтік желі мен мессенжерлерге пікір жариялап, жазба қалдыруға да тыйым салды.

37 жастағы қоғам белсендісі өзіне қатысты шығарылған үкіммен келіспейді. Азаматтық ұстанымын білдіргені үшін қудалауға алынып жатқанын айтты.

"Міндетті түрде апелляциялық шағым түсіремін. Үкіммен келіспеймін. Мен Аблязовқа қатысты ештеңе айтқан жоқпын", – дейді Молдин үкімнен кейін.

Айыпталушы үш баланың әкесі, бұрын сотталмаған.

Сот барысына қоғам белсендісінің желіде қалдырған пікірлеріне психологиялық-филологиялық сараптама жасалған.

Молдин 2020 жылдың 10 қарашасынан бері үйқамақта отыр. Сот үкімінен кейін ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, сыртқа шыға алады. Оған тек қала аумағынан алыстауға тыйым салынды.

Еске салсақ, атын ресми түрде Бейбарыс Райымбеков деп өзгерткен танымал блогер Руслан Жанпейісов шілденің соңында бір жылға сотталған болатын.

Қазіргі уақытта белсенді жазасын қай жерде өтеп жатқаны туралы белгілі болған еді.

Ақтөбелік белсендіге әлеуметтік желіге пікір жазуға сотпен тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.