Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылға сыйлық: Қазақстандықтардың дені Kcell ұсынған смартфондарды таңдауда

Опубликовано:

Kcell
Фото: Кселл

Жылдың басты мерекесіне бір аптадан астам уақыт қана қалды, ал көбі әлі сыйлықтар сатып алып үлгермеді, кейбірі, тіпті жақындарына не сыйлау керектігін де білмеуде. Жақындарыңыз бен туыстарыңызға қандай сыйлық ұсынатыныңызды шешпеген болсаңыз, "Kcell-ден келісімшарт бойынша смартфондар" қызметіне жүгінуіңізге болады.

Жаңа жыл - ғажайыптар уақыты, сондықтан сыйлықтар бұл мерекенің ажырамас бөлігі болып табылады. Жаңажылдық сыйлық таңдауда келісімшарт бойынша телефондар алу тиімді болары сөзсіз. Бұл қазақстандықтар үшін ешқандай артық төлемсіз қолжетімді бағаға бөліп төлеу арқылы сапалы гаджеттер сатып алудың ең танымал әрі оңтайлы жолы.

Бірнеше жылға бөліп төлеу арқылы келісімшарт бойынша ұялы телефонды сатып алу тәжірибесі Еуропа елдерінде және АҚШ-та кеңінен танымал. Соңғы жылдары келісімшарттық модель қазақстандық қолданушылар арасында да сұранысқа ие бола бастады.

Kcell - келісімшарт бойынша смартфон сатуды бастаған алғашқы ұялы байланыс операторларының бірі болып табылады. Осы бағыттағы алты жылдық жұмыс барысында Қазақстанның барлық дерлік қалаларында Kcell Store дүкендері ашылды. Жақында компания қазақстандықтарға бірнеше минут ішінде смартфонды бюджетінің шектеулі екеніне қарамастан сатып алуға мүмкіндік беретін интернет-дүкенін іске қосты.

Келісімшарт бойынша ұялы телефон сатып алудың артықшылығы - бұл пакетті 6-дан 24 айға дейін елдің кез келген Kcell Store дүкенінен бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл жағдайда төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік бар. Бұл модель қалаған смартфонын бірден сатып алуға қаражаты жетпейтін, алайда несие алудан бойын аулақ ұстайтын пайдаланушылар үшін өте қолайлы.

Сондай-ақ, тағы бір айқын артықшылық - Kcell Store дүкеніндегі барлық дерлік смартфондардың бағасы басқа ресми қазақстандық ритейлдермен бірдей және бұл бағаның ішіне абонентке қосымша тегін қоңырау минуттары мен интернет-трафик те кіреді.

Сонымен қатар, жобаның тағы бір қызығарлық тұсы - жоба аясында телефондардың ең жаңа модельдерін сатып алу мүмкіндігі беріледі.

Одан бөлек, Kcell дүкендерінен смартфон сатып алу арқылы контрафактқа тап болмайтыныңызға сенімді бола аласыз, себебі дүкендегі барлық өнімдер түпнұсқа болып табылады.

Елдің барлық қалаларында жұмыс істейтін activ / Kcell дүкендерінің біріне немесе қызмет көрсету орталықтарына келіп, келісімшарттық ұсыныс бойынша смартфон сатып алуыңызға болады немесе интернет-дүкеннің ресми сайтында сатып алуды рәсімдей аласыз.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890365-zaa-zylga-syjlyk-kazakstandyktardy-deni-kcell-syngan-smartfondardy-tadauda/

pixel