Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Рухани жаңғыру»: Ақтөбе облысында қандай жұмыстар атқарылды

Опубликовано:

Қазбалар
Фото: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы өткен тарихымызды және бүгінгі күнгі мүмкіндіктерді саралаудың, сол арқылы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың басым бағыттарын айқындап берді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе облысында атқарылған жұмыстар ауқымды, мазмұнды, жетістіктері мол.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша жерлес-меценаттардың демеушілігімен 2020 жылы акция аясында 1 млрд 180 млн теңгеге 368 жоба жүзеге асырылды.

Бірқатарын атап айтсақ, Ақтөбе қаласында «Есет батыр ескерткіші» қорының демеушілігімен Есет батырдың ескерткіші орнатылып, «Тәуке хан» спорт алаңы ашылды. Алға қаласында Есет батыр Көкіұлының ескерткіш мүсінін абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылса, Әйтеке би ауданында «Әкелер саябағы» спорт құрылғыларымен жабдықталды.

Ер Едіге
Фото: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазақ елінің ұлттық құндылықтарын айшықтайтын жобаларымен ерекшеленеді. Осы орайда, «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Ақтөбе қаласында «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық форумы өткізіліп, оған Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Ақұштап Бақтыгереева қатысты. Форум аясында ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылды.

Аталмыш шара барысында Сырым батыр Датұлы жетекшілігімен 1785 жылы Қазақстан тарихындағы тұңғыш «Халық кеңесі» құрылтайы өткен Ақтөбе қаласының батыс жағындағы Жіңішке өзені бойында «Халық кеңесі» ескерткіш-белгісі ашылды.

«Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып, 500 данамен жарыққа шыққан жыр альбомының тұсаукесер рәсімі өтті. Жыр жинаққа «Едіге батыр эпосы», «Қырымның қырық батыры», «Қарасай-Қази», т.б. жалпы саны 40-тан астам жырлар енгізілген. Ақтөбе қаласында «Ер Едіге» қоғамдық қорының демеушілігімен Едіге батырға ескерткіш орнатылды.

Фото
Фото: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

«Киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы аясында облыстағы тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Ойыл ауданының Шөптікөл-І қорымындағы 38 жерлеу-ғұрыптық нысандарынан табылған заттай жәдігерлер мен жерлеу дәстүріне қарап б.з ІІ-ІV ғасырларға тән екені анықталды. Ырғыз ауданындағы Шеңбертал-І қорымы энеолит және қола дәуірінің тұрақтары мен қорым түрін бейнелейді. Бейіт құрылысы мен ішіндегі заттар сараптамасы бойынша қорымды б.з.б. ІІ мыңжылдыққа жатқызуға болады.

Ер Едіге
Фото: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

Бүгінгі ақпараттар ағымы заманында зерттелген ескерткіштерді таныту, ұрпаққа жеткізу мақсатында QR-кодтар орнатылды. Ескерткіштерге келушілер QR кодтар арқылы арнайы мобильді қосымшадан ескерткіш туралы негізгі мәліметтерді, орналасқан жері, тарихымен таныса алады. Жоба аясында барлығы 97 ескерткішке, оның ішінде қала аумағындағы 39 ескерткішке, аудандардағы 58 ескерткішке бірегей және жекелеген QR-кодтар орнатылды. 2021 жылы облыс бойынша 50 ескерткішке QR-код орнату жоспарланып отыр.

Ұлы есімдерді ұлықтау жұмыстары нәтижесін беруде. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Ақтөбе ақтаңгерлері» ғылыми-танымдық жобасы шеңберінде тарихи тұлғаларды зерттеу нәтижесінде ғылыми жинақ жарық көріп, қысқаметражды тарихи-танымдық фильм әзірленуде. Меценаттардың қолдауымен «Жұбановқа жомарттық» акциясы аясында Ә.Молдағұлова, А.Жұбанов, Б.Тәжібаев, Е.Ділмұханбетов, Т.Айбергенов, Ү. Уайдин атындағы оқу және атаулы кабинеттері ашылды.

Абай
Фото: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланың 3 жылдығына орай «Жаңғырған сана – жаңа серпін» кітап-жинағы шығарылды. Кітап-жинаққа зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің ой-толғамдары мен қоғамдық сананы жаңғырту жолында атқарылған жұмыстар туралы материалдар жинақталған.

Осылайша, Бағдарлама аясында өңірде жасалған жұмыстар жалғасын табуда. Ертеңгі күнге сенім мол!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890447-ruhani-zagyru-aktbe-oblysynda-kandaj-zmystar-atkaryldy/

pixel