Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарлығаш Аралбекова: Бюджет қаражаты әр балаға төленуін талап етеміз!

Опубликовано:

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынып отырған «Бала нәсібі» мен әлеуметтік саладағы бастамалары төңірегінде сұрақ көп. Соның анық-қанығын білейік деп Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия атынан кандидат Қарлығаш Аралбековамен сұхбаттасқан едік.

- Қарлығаш Әмірқызы, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Бала нәсібі» төлемақысын енгізу бойынша ұсыныс бар. Қалай туындаған бастама?

- Қазіргі күні ана мен балаға республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақының 6 түрі бар. Оның көлемі бала санына, отбасының кірісіне байланысты. Шарттарына қарай сол 6 жәрдемақы, сенесіз бе, 20 шақты түрге бөлінген. Шарт бар жерде шатасу бар, шарт бар жерде жемқорлыққа негіз бар, қағазбастылық пен қанау бар. Осыны тоқтатуымыз керек!

Шалғайда отырып аудан орталығына бара беру оңай шаруа емес. Жолына ақша таба алмайтындар көп. Шенеуніктердің ана қағазды әкел, мына құжатты бер деп жұмсағанына шыдай алмай әлеуметтік көмекке қолын бір сілтегендер қаншама.

Жергілікті атқарушы орган бюджеттерінде қосымша көмек қарастырылған. Қоғамдық көлікте ақысыз жүру, мектепте тегін тамақтану сияқты. Бірақ ондай көмекті аламын десеңіз жағдайы төмен отбасы екеніңізді мойындап қана қоймай оны дәлелдеу керек. Бұл недеген сұмдық. Жағдайы нашар отбасысың деп қаншалықты кемсіте беруге болады. Одан ұялатындар да бар.

Балаға да анаға да көмек берілгенде шарттар болмауы керек. Әр балаға отбасындағы бала санына да, кіріс көлеміне де қарамай ай сайын 18 жасқа дейін «Бала нәсібі» төленуі қажет. 20 түрлі, ештеңеге жетпейтін жәрдемақының орнына 1 ғана, бірақ қомақты қаржы берілуін талап етеміз! Оны жәрдем демей бала нәсібі деп айту керек.

Сонымен қатар қолдау түрлерінің көп болуы сол бағдарламаларды үйлестіру үшін әкімшілік жұмыстардың болуын талап етеді. Шарттарды тексеріп 5-6 адам отырады, олар шатасып кетпесін деп оған 2-3-уі қосылады. Бұлар ақшаны «жеп қоймасын» деп тағы 1-2 маман қадағалайды. Өз өзіміздің басымызды қатыру деген осы. Бала нәсібі барлығына жетуі керек. Және оны цифрлендіру заманы қарыштап тұрғанда компьютер-ақ жасай алады.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

- Аналар мәселесіне көшейік. Үш баласы бар аналарды «көп балалылардың» санатына жатқызып, олардың зейнетке шығу жасын төмендету керек деген бастамаларыңыз бар. Толығырақ түсіндіріп берсеңіз.

- Қазір бұрынғыдай 5-6 бала туу көрсеткіші жоқ. Оны армандаймыз, әрине, бірақ статистика басқа. Бүгінгі күні отбасында орта есеппен бір-екі бала барын ескерсек, үш баланы дүниеге әкелудің өзі ерлік екенін түсінеміз. Сондықтан сондай ерлікке барған аналарды неге қолдамасқа? Олардың зейнетке шығу барысында жасы бойынша шектеуді 53-ке дейін төмендету бойынша ұсыныс жасағанымыз да сол себептен.

Қазақ үшін "Ана" сөзі – қасиетті ұғым. Баяғыда отбасында тағы бір бала туылса, анасы оны қалай асыраймын деп уайымдамайтын. Себебі экономикалық жағдай қазіргідей қиын емес-тін. Егер әр балаға «Бала нәсібі» ай сайын 18-жасқа дейін төленіп жатса аналар кіріс мәселесіне алаңдамай, бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлер еді. Еліміздің қасіретіне айналған қылмыс та, жетімдер мәселесі де отбасы жағдайының нашарлығы мен бала тәліміне қажет уақыт бөлінбеуінен туындайды.

Бүгінгі нәресте – Қазақстанның ертеңгі азаматы. Адалдық та, әділдік те тал бесіктен бастап балиғ жасына дейін қалыптасады. Негізі жақсы қаланған адам жемқорлыққа да, надандыққа да бармайды. Осының төңірегінде тереңірек ойланған абзал.

- Аналар мәселесінде әлеуметтік теңдікті орнату бойынша тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?

- Жоғарыда айтылған бастамаларға қоса ақылы демалысты ұзарту, үш немесе одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын, бірақ жұмыссыз отырған ата-ананың біріне «отбасылық жалақыны» тұтынудың негізгі нормасын жоғарылату, кірісінен айрылған жағдайда оларды 30 күн ішінде жұмыспен қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстарымыз бар.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

- Барлығы ақшаға келіп тіреледі ғой, ұсыныстарыңды орындау үшін мемлекеттің қаражаты жете ме?

- Бюджетте қоғамға да экономикаға да тіпті керек емес, тиімсіз бағдарламалар өте көп. Соларды қысқартып осы айтылған бағыттарға жұмсауға әбден болады. «Ауыл» партиясының маслихаттарға ұсынылған кандидаттарына үлкен үміт артуда. Әкімдердің бюджеттерін түп-тамырымен қопарып, әр тиынның қайда кетіп жатқанын қадағалауды талап етеміз. Мұның барлығы қолдан келетін іс.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

- Қорытындылай келе, Қарлығаш Әмірқызы, партияның сайлауалды бағдарламаңыздың тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндіргеніңіз үшін көп рахмет! «Ауыл» партиясына алдағы сайлауда жеңіске жетіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарын Қазақстан халқының игілігі үшін жүзеге асыратын Парламенттік партия болуына тілектеспіз!

- Рахмет! Ковид-19 пандемиясы табыс көзін жоғалту салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарға тығырықтан шығуға сеп болатындай әлеуметтік көмектің жоқ екенін көрсетті. Соңғы жиырма жылда еліміз кепілдендірілген стандарттармен қамтамасыз етілген әлеуметтік қорғаудың ұлттық моделін жасап шығарды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, барлық қазақстандықтар бұл стандартқа қол жеткізе алмады. Әсіресе, ауыл тұрғындары.

Сондықтан, "Ауыл" партиясының сайлауалды бағдарламасында ұсынған әлеуметтік қолдау ұсыныстары халық жүрегінен орнын табады деп сенемін! Ауылды қолдайтын кез келді, құрметті сайлаушылар!

- Сұхбатыңызға рахмет!

* "Ауыл" партиясы сайлау қоры қаражатынан төленді  

*Үгіт-насихат материалдарын қайта басуға, баспасөз сайттарында, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желілерінде сілтеме жасамай көшіріп-басуға, және радио немесе телеарна эфирлеріне жарияланған үгіт-насихат материалдарын қайталап беруге, сонымен қатар, сайттарда, әлеуметтік желілерде және БАҚ-тың әлеуметтік желілерінің аккаунттары мен әлеуметтік платформаларында үгіт-насихат материалдарын көшіріп-басуға, таратуға, бөлісуге және өзге де жолдармен таратуға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890473-karlygas-aralbekova-budzet-karazaty-r-balaga-tlenuin-talap-etemiz/

pixel