RU

Ақтөбе облысында 20000-нан астам жұмыс орны ашылды

Ақтөбеде 2000-нан аса жұмыс орны ашылды
Фото: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

Халықтың жұмыспен қамтылуы - өңірдің дамуының негізгі басымдылықтарының бірі.

Ағымдағы жылы елдегі төтенше жағдай және шектеу шараларына байланысты орын алған дағдарысқа қарамастан, халықты жұмыспен қамту мақсатында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде 11 айда 57 108 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңдай адамға артық (2019 ж. 43 132 адам).

Жұмыссыздық деңгейін өсірмеу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді.

Ақтөбеде 2000-нан аса жұмыс орны ашылды
Фото: Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы

Ағымдағы жылы 21 788 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның 54,2% -дан астамы тұрақты жұмыс орны.

Өңірде елеулі оқиғалардың бірі, жаңа жабдықтармен жабдықталған "Глобал Спецодежда" ӨБ" ЖШС 500 жұмыс орны бар тігін фабрикасының ашылуы. "Глобал Спецодежда" ӨБ" ЖШС қызметінің негізгі түрі жоғары сапалы арнайы киімді әзірлеу және өндіру болып табылады.

Сонымен қатар, 720,5 млн.теңге көлемінде мемлекеттік гранттар беріліп, 1311 жұмыссызға өз ісін ашуға, белгілі бір отбасының әл- ауқатының артуына мүмкіндік берді. Гранттар басымдылықпен аз қамтылған, көп балалы отбасы мүшелеріне және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, жастарға берілді.

Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір тиімді тетігі – Шағын несие беру.

Ақтөбеде 2000-нан аса жұмыс орны ашылды
Фото: Ақтөбе облсының ішкі саясат басқармасы

Облыс бойынша 953 адамға 4637,2 млн.теңгеге (845 ауыл тұрғындарына – 3721,1 млн.тенге; 108 қала тұрғынына- 916,1 млн.теңгеге) несие берілді. Оның ішінде 594 адам өз жаңа ісін ашып, 359 адам кәсібін кеңейтті.

Жұмыспен қамтудың негізгі бағыты дағдарыс жағдайында тұрақты бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру. Есепті кезеңге жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына 29 500 адам жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, дағдарысқа қарсы қабылданған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасын іске асыру халықты жұмыспен қамтуға және олардың табыстарының артуына оң үлесін қосты.

Мәселен, ағымдағы жылы Жұмыспен қамту Жол картасының 303 жобасында 12046 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 6051 адам (50,3%). Жобаларға жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмысқа орналасты. Орташа жалақы кемінде 87 000 теңгені құрайды. Жобаларда жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңа нысандардың құрылысы есебінен 375 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жұмыс орындарын құру бойынша қабылданып жатқан шаралар өңірде жаппай жұмыссыздыққа жол бермеуге және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде жұмыспен қамту бағытында алынған іс-шаралар оң қолдау тауып, әр отбасының әл-ауқатын арттыру мақсатында табысын көбейтуге мол мүмкіндік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890474-aktbe-oblysynda-20000-nan-astam-zmys-orny-asyldy/