Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Малайзия премьерінің қызына үйленген Кесікбаевтың бүгінгі күні қандай (фото, видео)

Опубликовано:

Данияр Кесікбаев отбасымен
Фото: Instagram / yananajib

2015 жылдың наурызында Малайзия премьер-министрінің қызына үйленген қазақ жігіті Данияр Кесікбаев көпшіліктің ерекше назарына іліккен болатын. Елді елең еткізген отбасының бүгінгі күнінен хабар беретін суреттерді KAZ.NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

Данияр Кесікбаев Малайзия премьер-министрінің қызына 2015 жылдың наурыз айында үйленген еді. Олардың тойлары Қазақстанда және Малайзияда өткен.

Алматыда болған тойға сол кездері Малайзия премьері болған Наджиб Разак арнайы келген еді. Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов, Ахметжан Есімов және көптеген зиялы қауым өкілдері тойға шақырылған болатын.

Ал 2017 жылы Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджва Данияр Кесікбаевқа ұл сыйлағаны белгілі болды. Нәресте 2017 жылдың 17 тамызында дүниеге келген. Оған Адам Разак Даниярұлы деген есім берілген еді.

Бүгінде Кесікбаевтың жан жары Instagram желісінде бақытты отбасылық өмірін көрсететін фотоларды бөлісіп отырады. Ерлі-зайыптылардың ұлы күн санап ер жетіп келеді.

Нуриана мен оның отбасы Малайзия бұқаралық ақпарат құралдарының назарына жиі ілігеді. Жергілікті БАҚ Адамның Даниярға көбірек тартып кеткенін жазған.

Наджиб Разак та қызынан қалыспай, немересінің суреттерін желіде жария етіп отырады.

"Отбасылық қуаныш пен бақыттан артық ештеңе жоқ", - деп жазған Наджиб Разак немересі, қызы мен күйеу баласының туған күнмен құттықтап жатқан сәтінен видеоны желі парақшасында жариялап.

"17 тамыз мен үшін ерекше күн. Себебі, бұл күні ұлым да, немерем де дүние есігін ашқан. 2017 жылы ұлымның кезекті туған күнін атап жатып, қызымның ұлды болғанын білгенімде ерекше бақытты болдым. Сол түні мен алғаш рет немеремді қолға алдым. Уақыт зымырауда. Ұлым 30-ға келсе, немерем 3-ке толып отыр", - дейді қария кезекті жазбасында.

Адамның суретімен бөліскенді ұнататын Наджиб немересін ерекше жақсы көретінін байқауға болады.

Ал Нуриана болса, Даниярға деген махаббаты мен ыстық ықыласын желідегі жазбаларында жария етіп, күйеуіне бақытты күндері үшін жиі алғыс білдіріп жатады.

Еске салсақ, Данияр Кесікбаев кезінде esquire.kz басылымына сұхбат беріп, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берген еді. Жұрттың "неге қазақ қызын алмады?" деген ренішіне Кесікбаев ғашық жүрекке әмір жоқтығын алға тартқан болатын.

"Қай ұлт өкілі екендігі маңызды емес, егер өмірлік серігіңді жолықтырсаң, онымен мәңгі бірге болғың келеді. Кеңес өкіметі құлағаннан бері жұртшылық шекара асып, білімдерін шыңдауда. Шетелден қосағын табу - таңсық дүние емес. Кезінде бөтен ауылдан қыз алғанға да шулайтын халық қазірде шексіз маһаббатың шекара танымайтынына көз жеткізді" - деген еді ол.

Айта кетсек, Данияр Кесікбаев - Болат Назарбаевтың бұрынғы жары Майра Құрманғалиеваның баласы. Ол Нью-Йорктегі Колумбия университетінде білім алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890578-malajzia-premerini-kyzyna-jlengen-kesikbaevty-bgingi-kni-kandaj-foto-video/

pixel