Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4 млрд теңгемен қашып кеткен": Мыңдаған адам алаяққа алданғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"QI-Trade Kazakhstan" инвестициялық компаниясының салымшылары алаяқтарға алданғанын мәлімдеді. Олар ақшасын айына 3-8 пайыздық өсіммен салған. Ал компанияның бас директоры төрт миллиард теңгемен қашып кетті деген болжам бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Салымшылар 4 000 адамның атынан осы компания туралы бар шындықты айтқысы келетіндерін жеткізді.

"Олар Amazon алаңында тауарларды алып-сатумен айналысамыз және сан алуан жобаларға қаржы құямыз деп, қылмыстық әрекетпен айналысқан. QI-Trade компаниясы еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын адамдардан салымның сомасына қарай айына 3-8 пайыздық өсіммен ақша таратқан. Алайда бәрімізді алдап кетті", - деді салымшылар.

Олардың айтуынша, компания басшылығы салымшылардың ақшасын (шамамен 4 миллиард теңге) алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал директорлардың бірі бірнеше видеоүндеу жіберіп, шетелде жүргенін хабарлаған. Бірақ оның шекараны ресми түрде кесіп өткені расталған жоқ, дейді салымшылар.

Алматы қалалық полиция департаменті тергеу шараларын бастап кеткенін, ведомство басшылығы осы мәселені жеке бақылауына алғанын мәлім етті.

"Олар ұжымдық арыз жазды. 99 адам қол қойған шағым Медеу аудандық полициясына 14 желтоқсанда түскен. Соның негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Зардап шеккен адамдардың сөзінше, ЖШС басшысы салымдарды көбейтемін деп ақша жинаған. Әрбір салымшымен жеке-дара келісімшарт та жасалыпты", - деді құқық қорғаушылар.

Айта кетейік, қылмыстық заңнама бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталған адамдардың мүлкі тәркіленеді. Салымшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да хат жазып, мәселенің мән-жайын анықтауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890660-4-mlrd-tegemen-kasyp-ketken-mydagan-adam-alaakka-aldanganyn-mlimdedi/

pixel