Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал бизнесвуменнің балабақшасындағы видео елдің наразылығын тудырды

Жарияланған күні:

Бейнебақылау камерасындағы жазба
Видеодағы кадр: instagram.com/asemmukumova

Ақмола облысындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде орнатылған бақылау камералары бала "тәрбиелеудің" қатал шараларын түсіріп алған. Бейнежазбалар әлеуметтік желіде пайда болып, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Жағдайға облыстың білім бөлімінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Щучинск қаласындағы шағын орталықта болған. Мәселені жергілікті блогер Әсем Мұқұмова көтерді.

Ол желіде тараған видеоға түсініктеме беріп, тәрбиеші баланың астындағы орындығын қалай жұлып алғаны, сол сәтте бала иегін үстелге соғып алғанын айтады. Сондай-ақ, әйел балаларды төсектен тұрғызып алып, оларды бөлменің суық бұрышына тұрғызып қойған. Бейнежазбада мекеменің басқа қызметкері жұмыс уақытында ұялы телефонын шұқылап, айналасында болып жатқан жағдайға мән бермей отырғаны көрінеді.

Ата-аналардың айтуы бойынша, қорқып қалған балалары жағдайды ашып айта алмағандықтан, олар тыңдағышы бар сағаттар қолданған. Белгілі болғандай, тәрбиешілер бүлдіршіндерге: "Саған тыныштандыратын дәрі берейін бе? Тыныштандырайын ба сені?” сынды ауыр сөздер айтқан.

Бұл балабақшада екі тәрбиеші мен бір күзетші бар екен. Сондай-ақ, балалар мекемесінде жаппай улану фактісі жасырылды делінген. Мұндағы қызметкерлердің тәртібі көптеген сын-ескертпені, жүздеген пікірді тудырған.

Ақмола облысының білім басқармасы бұл факт бойынша комиссия құрылып, Бурабай облысына балаларға жасалған зорлық-зомбылық туралы бейнежазбаны тексеруге жіберілді деп хабарлады.

Қазіргі уақытта тәрбиеші жұмыстан шеттетілген.

Тексеру нәтижелері бойынша Щучинск қаласындағы балабақша басшылығына қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Жағдай аудандық прокуратураның бақылауында.

Бурабай ауданының әкімдігі балабақша иесі қалада танымал кәсіпкер әйел екенін хабарлады. Оның бірнеше жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар, бұрын оған қатысты шағымдар болған емес. Іскер ханым – облыстық мәслихаттың депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890749-tanymal-biznesvumenni-balabaksasyndagy-video-eldi-narazylygyn-tudyrdy/