Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда әскери госпиталь басшысы сотталды

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Талдықорғанда әскери госпиталь басшысына қатысты үкім шықты. Медицина қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Талдықорған әскери госпиталінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Асқар Көлбаевты осы жылдың қазан айының басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметкерлері ұстаған болатын.

Жоғары дәрежелі офицер ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінді.

13 қазанда Әскери сот Көлбаевты қамауға алу туралы бұйрық шығарды.

Сондай-ақ, әскери госпитальдың бас медбикесі Азимахуноваға қатысты да қылмыстық іс қозғалды, ол өзінің басшысының қылмысына тікелей қатысты деп айыпталып отыр.

"Тұтқындау аурухана қызметкерлерінің біреуінің алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы ақша алды деген күдікпен жасалды. Жеке еңбек келісімшартын ұзартумен байланысты қызметте жалпы патронаттық қызмет көрсетуді сылтаумен, күдіктілер одан 1 миллион теңге, дәлірек айтсақ, COVID-19-пен күресу үшін алған ақшалай сыйақысының 50 пайызын алды", - деп хабарлады Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Әскери дәрігерлер кінәлі деп танылды. Полковник Көлбаевқа жалпы сомасы 11 миллион теңге айыппұл салынды. Аға медбике Азимахуноваға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, бұрынғы офицер сот үкімімен өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890778-taldykorganda-skeri-gospital-bassysy-sottaldy/

pixel