Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай кун суықта қызын далаға қуып жіберген анаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Далада іш киіммен отырған қыз
Фото: instagram.com/_zakeeva.a__

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай аязды күні қызын іш киіммен далаға қуып жіберген ананың әрекетіне шүйлікті. Ақпарат өкілі барша қазақстандықтарды дүрліктірген жағдайға қатысты өз пікірін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай жаға ұстатарлық оқиғаға қатысты бар ойын Instagram желісі арқылы жеткізген. Белгілі журналист азулы жазба жариялап, отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, елімізде қорлық көріп жүрген тек әйелдер ғана емес. Ақпарат өкілі мектеп жасына жетпей өз ата-анасынан жапа шегіп жүрген балалар да жетерлік екенін алға тартты.

"Өз шешесінен қорлық көрген қыздың суретін көрдіңіздер ме? Зорлық-зомбылық жынысқа бөлінбейді. Біздің елде есуастардан тек әйелдер немесе жануарлар ғана қорлық көріп жүрген жоқ. Қазақстанда мектеп жасына жетпеген қаншама кішкентай балалар зорлық, қорлық көріп жүр. Бұл бұрыннан келе жатқан үлкен мәселе. Жануарлардың шағымдануға тілі болмаса, балалардың тілі бар, үні бар. Бірақ оларды ешкім елемейді, ескермейді, естімейді, естігісі келмейді.
Әртүрлі әйелдер бар, әртүрлі еркектер бар. Бірақ оны ескеріп, тексеріп жатқан ешкім жоқ. Қорғаншылық-қамқоршылық орталықтары да, судьялар да баланы автоматты түрде әйелге бере салады. Ол әйел ол баланы бағып-қаға алады ма, тәрбиелей алады ма, қорғайды ма, қорлайды ма шаруасы жоқ. Баланың, отбасының психологиялық ахуалын тексеретін тәуелсіз сарапшылардың да пікірін сот ескермейді" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда келіншек өз туған қызын аязды күні іш киіммен ғана далаға қуып жібергенін хабарлаған едік. Желіде жылап отырған бүлдіршіннің фотосы тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890919-ashat-sadyrbaj-kun-suykta-kyzyn-dalaga-kuyp-zibergen-anaga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel