RU

"COVID-19 вакцинасы АИТВ және безгек тудырады": Желідегі ақпарат жұрттың зәресін алды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Telegram мессенжерінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның "құрамында" АИТВ және безгек қоздырғыштарының "ДНҚ тізбегі" мен бірқатар зиянды заттар бар деген ақпарат тарап жатыр. Бірақ бұл "жиынтық" қай вакцинадан табылғаны белгісіз деп хабарлайды Stopfake.kz.

Хабарламада Мәскеу қаласында күніне 30 мың адам коронавирусқа екпе жасайтыны айтылған. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп жазады басылым.

Біріншіден, бұл ауруға қарсы жаппай вакцинациялау 5 желтоқсанда ғана басталған.

10-ны күні екпе жасатқысы келетіндердің жалпы саны 20 мың адамды құраған. Егер түрлі 70 учаскеде қабылдаса, бес күнде алты мыңнан астам адам егілетін еді.

Бұдан әрі мәтінде AstraZeneca компаниясының өнімі болып табылатын және Мәскеуге қатысы жоқ ChAdOx1 N-CoV-19 вакцинасы туралы айтылады.

Біріншіден, Ресейдің шетелдік препаратты сатып алу жайлы жариялағаны туралы еш жерде хабарланбаған. Екіншіден, бұл вакцина әлі сатылымға түспеген.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

"AstraZeneca вакцинасының толық құрамы еш жерде жарияланған жоқ, сондықтан препараттың ингредиенттері туралы барлық хабарламалар шынайы деп санауға болмайды.

Препараттың Chadox1 аденовирусына негізделгені белгілі, ол ауруды шимпанзеге жұқтыра алады және адам ағзасында дамымайтындай генетикалық модификацияланды. Генетикалық материал Spike (s) гликопротеин деп аталатын SARS-CoV-2 коронавирус ақуыздарын шығару үшін қолданылатын ChAdOx1 конструкциясына қосты. Бұл иммундық жүйеге SARS-CoV-2 вирусына антиденелерді тануға және дамытуға мүмкіндік береді.

Бірақ вакцинаның өткен клиникалық сынақтары туралы толық есептер бар. Оларда екпе салдарынан еріктілерде АИТВ, безгек немесе басқа да ауыр аурулар туындады деп жазылмаған. Керісінше, алынған мәліметтер препараттың тиімділігінің жоғары екендігін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890953-covid-19-karsy-vakcina-aitv-zne-bezgek-tudyrady-zelide-taragan-akparat-zrtty-zresin-aldy/