Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілігіне 7 ай: Түркістан облысында өгей әкесі қызын зорлады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Өгей әкесі зорлады деген күдікке ілінді
Көрнекі фото: beta.nv86.ru

Түркістан облысының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпарынша, 23 желтоқсан күні кәмелет жасқа толмаған қыз ауруханаға барып, іші ауырғанын айтып шағымданады. Тексеру барысында жасөспірімнің жүктілігіне жеті ай болғаны анықталады.

Ақ халаттылар бұл жайында бірден Түлкібас ауданы полицейлерін хабардар етеді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 120- бабы 4- бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша тіркелді.

Ауыр қылмыс жасады деген күдікке қыздың өгей әкесі ілінді. Қазіргі уақытта азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды.

Ол өз кінәсін толығымен мойындаған. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Істің мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, бірнеше апта бұрын Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны да кәмелетке толмаған өгей қызын зорлады деген күдікке ілінген болатын. Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Кейінірек аталған іске қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берген.

Бұл факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Сараптама тағайындалды, ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890991-zktiligine-7-aj-trkistan-oblysynda-gej-kesi-kyzyn-zorlady-degen-kdikke-ilindi/