Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 753 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 150 951-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 59

Алматы қаласы - 110

Шымкент қаласы - 10

Ақмола облысы - 56

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 60

Атырау облысы - 79

Шығыс Қазақстан облысы - 41

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 38

Қарағанды облысы - 38

Қостанай облысы - 64

Қызылорда облысы - 8

Маңғыстау облысы - 7

Павлодар облысы - 90

Солтүстік Қазақстан облысы - 62

Түркістан облысы - 15

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен бүгіннен бастап қаладағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілді.

Сонымен қатар мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында 24:00-ге дейін ұзартылады.

Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.

Сондай-ақ 25 желтоқсаннан бастап елордада супермаркеттер мен гипермаркеттерге де тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891086-kazakstanda-tken-tulikte-kansa-adam-koronavirus-zktyrdy/