Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар ашылады

Опубликовано:

кинотеатр жұмысы
Көрнекі фото: lenta.ru

Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен кинотеатрлардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат етілді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Орындар санын 30%-дан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып кинотеатрлардың жұмыс жасауына рұқсат етіледі. Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, акциялар өткізілмейді. Егер карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады", - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында сағат 24:00-ге дейін ұзартылады.

Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.

Жұмыс кестесі сағат 22: 00-ге дейін сақталатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және тойлауға арналған  басқа да орындарда өткізуге тыйым салынды.

Карантин және шектеу шаралары бұзылған жағдайда нысандар қызметі тоқтатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890872-nr-sltanda-26-zeltoksannan-bastap-kinoteatrlar-asylady/

pixel