Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируске қарсы иммунитеттің қанша уақыт сақталатыны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Австралиялық ғалымдар коронавируспен ауырған науқастардың иммунитетін қанындағы жасуша жады арқылы тексеру әдісін ойлап тапты. Зерттеу нәтижесі иммунитеттің кем дегенде сегіз ай сақталатынын көрсетті деп хабарлайды РИА Новости.

Зерттеу қорытындысының Science Immunology журналында жарық көргені белгілі болды.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Монаш университеті, Бернет институты және Мельбурндегі Альфред ауруханасының ғалымдары сегіз ай бойы коронавирус диагнозы бар 25 еріктінің қанын зерттеген.

Әрбір волонтердің иммундық жүйесі аурудың төртінші күнінен 242-күніне дейін қаралған.

Оның нәтижесі қандағы SARS-CoV-2-ге бос антиденелердің концентрациясы аурудың алғашқы белгілері басталғаннан 20 күн өткен соң түсе бастайтынын көрсетіпті. Бұл адам аурудың жеңіл түрімен ауырған кезде антиденелер деңгейі тез төмендейтінін көрсетеді.

Ғалымдар антиденені иммундық жүйе патогенге шабуыл жасайтын снарядтарға ұқсайды деген пікірде. Ал антиденелер шығару туралы сигнал жадтың В-жасушалары деп аталатын ақ қан клеткаларына беріледі.

Иммундық жүйеде коронавируспен таныс жадтың В-жасушасы жеткілікті мөлшерде бар-жоғын тексеру үшін ғалымдар нысандардың қан үлгісіне SARS-CoV-2 флуоресцентті таңбаланған бөлігін енгізген.

Талдау қан үлгісінің әрқайсысы коронавирусқа айтарлықтай реакция беретінін анықтады, бұл зерттеушілерге вирустың белгілі бір бөлігіне В-жасушаның қандай жады әсер ететінін анықтауға мүмкіндік берді.

Арнайы мамандардың зерттеуі COVID-19-ға шалдыққан адамның қанында сегіз айдан кейін күшті иммундық жауап пайда болатынын анықтаған.

"Біздің нәтиже вакцина жасалғаннан кейін олар ұзақ уақыт бойы қорғауды қамтамасыз етеді деген үміт отын жағады", - дейді зерттеу жетекшісі, иммунолог Менно ван Зельм.

Оның сөзінше, пандемияны ауыздықтау алу үшін халықтың 70 пайызы иммунитетті қалыптастыруы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891097-koronaviruske-karsy-immunitetti-kansa-uakyt-saktalatyny-belgili-boldy/

pixel