Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медиация, Арбитраж және Сот туралы не білуіміз қажет

Опубликовано:

амандасу
Көрнекі фото: pixabay.com

Медиация мен арбитраж - соттан тыс дауларды шешудің баламалы әдістері. Олар жеке немесе іскерлік мүдделерді ескере отырып, тараптардың қажеттіліктеріне сәйкес жанжалдарды шешуге септігін тигізеді. Осы әдістермен жанжалдарды шешудің тағы бір тиімділігі - сот шешіміне қарағанда үдерістің әлдеқайда жылдам өтуі. Ал дауларды жылдам шешу қаржы шығымдарын төмендетеді.

Медиация мен арбитраждың өз ерекшеліктері бар.

Біріншіден, медиация дауларды бейресми түрде шешеді. Ол үшін тараптарға заңгердің көмегі қажет емес, ал тек үшінші, бейтарап, жанжалдың нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуын қажет етеді. Аталған үшінші тарап немесе медиатор екі жақтың шағымдарын тыңдай отырып, консультациялар беру арқылы белгілі бір келісімге жетуді мақсат қылады. Медиатордың түпкілікті шешімі міндетті түрде екі жақты ымыраға келудің және бірнеше келіссөздердің нәтижесі болып табылады. Жанжалдарды шешудің бұл медиация әдісі - тараптардың арасындағы іскерлік қатынастарды сақтауға жәрдемдесе отырып, дауларды жедел шешуге арналған мінсіз құрал.

Арбитраж -дауларды шешудің тағы бір баламалы әдісі. Ол медиацияға қарағанда ресми және екі жақтың шағымдары заңгерлердің қатысуымен қаралғанын талап етеді. Адвокаттардың қатысуы екі жақ арасындағы бәсекелестікті күшейте түседі.

Медиация сияқты арбитраж да үшінші тараптың немесе арбитордың қатысумен өтеді. Медиатор екі жақтың мүдделері мен талаптарын ескере отырып шешім қабылдаса, арбитордың шешімі көбіне заңға, деректер мен дәлелдемелер және де куәгерлердің мәлімдемесіне негізделеді. Сондықтан медиатор қабылдаған шешімге қарағанда, арбитор шығарған үкімнің заңды күші бар.

Арбитраж және Сот

Осыдан Арбитраждың кәдімгі соттан қандай айырмашылығы бар деген сұрақ міндетті түрде туындайды. Тараптардың мүдделері мен талаптарына орай, арбитраждың соттан бірнеше ерекшеліктері бар.

Біріншіден, арызданушы мен жауапкер азамат сот ісін қарастыратын үшінші тарапты өз қалауынша таңдай алады. Демек, тараптар төрешіні таңдау еркіндігіне ие. Әрине, екі жақтың мүдделерін қорғау мақсатында, тараптарға алдымен үш түрлі төрешілерді, яғни арбиторларды ұсынады. Сол үш арбиторлардың ішіндегі таңдалмай қалған төреші осы істі қарауға тағайындалады деген сөз. Бұл екі тарап арасындағы теңдікті қамтамасыз етеді.

Екіншіден, әдетте төрешілер тараптар жұмыс істейтін салада тәжірибесі бар мамандар тобынан таңдалады (мысалы, қаржы заңгерлері қаржы дауларын шешуде арбитор ретінде қызмет етеді). Ал сот төрешілері көбіне жалпы сипаттағы істерді қараумен айналысады. Сот ісі үшін белгілі бір саладағы маманның терең білімі қажет болғанда, яғни істің құжаттары мен залалдарын жақсы түсінетін төрешінің білімі қажет болғанда, істің арбитраж орталығында қаралғаны дұрыс. Себебі, сот үдерісі мен сот қорытындысы болжамдауға барынша жеңіл бола түседі.

Үшіншіден, сот үдерісі арбитражда әлдеқайда жылдам өтеді. Өйткені тараптар өз ыңғайына орай істі қараудың уақытын белгілей алады. Бұл тараптарды сот ісін қарау кестесіне деген тәуелділіктен босатады.

Төртіншіден, арбитражды орталығында тараптар істің қаралуын көпшіліктен жасырын қалуына талап қоя алады. Арбитраж - елден жасырын түрде өтеді, яғни онда құжаттар мен басқа да дәлелдемелер жұртшылыққа жарияланбайды. Демек, тараптар дауды шешу үдерісін өз ішінде, яғни БАҚ мамандары, бәсекелестер немесе басқа да істі бақылауға мүмкіндігі бар адамдардың қатысуынсыз өткізе алады. Арбитражды шешімдердің көпшілігі құпия болып қалады. Ал соттағы шешімдер мен үкімдер сотқа шағым қабылданған кезден-ақ көпшілікке мәлім болады.

Бесіншіден, арбитордың шығарған үкімі қайта шағымдауға келмейді. Себебі, арбитражда қаралған шешімдердің заңды күші бар және олар міндетті түрде орындалуы тиіс. Ал сот талқылауында төрешінің шешімі әрдайым қайта қаралуға жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891118-mediacia-arbitraz-zne-sot-turaly-ne-biluimiz-kazet/

pixel