Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде сотталғандар үйі өртке оранған көпбалалы отбасыға көмек берді

Опубликовано:

сотталғандар
Көрнекі фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алматы аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды тілсіз жаудан жапа шеккен көпбалалы отбасыға қол көмегін беруге арналған қайырымдылық жобасына қатыстырды деп хабарлайды Polisia.kz.

Көңілсіз оқиға осы жылдың 16 желтоқсан күні Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған еді.

Абырой болғанда өрттен құтқарушылар көпқабаттағы үйдегі барлық тұрғындарды дер кезінде құтқарды. Дегенмен, тілсіз жау бұл кезде өрт шыққан көпбалалы отбасының пәтерін қызыл жалынға орап, түгел жалмап үлгерген болатын.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген жақсы сөз бар біздің халқымызда. Тілсіз жаудың салдарынан жапа шеккен көпбалалы отбасыға көмек беру туралы Алматы аудандық пробация қызметіне “Добрые руки” еріктілер тобының мүшесі хабарласқан болатын. Пробация қызметкерлері бұл ұсынысты есепте тұрған сотталғандарға жеткізді және Н., С., А., есімді сотталған- еріктілер ұсынысты бірден қолдап, белсенділік танытты.

Олар өртенген пәтердегі барлық қоқысты жинастырып, далаға шығарып берді. Аталған сотталғандардың осындай игі іс-шараларға қатысуда белсенділік танытулары- олардың түзелу жолында келе жатқандарының бір көрінісі.

Сонымен қатар, үйі өртке оранған отбасы жақын арада пәтерін жөндеуге кірісетінін айтты. Сол кезде есепте тұрған сотталғандармен және “Добрые руки” еріктілермен бірге қол көмегін беруге қайта барамыз деп шештік", – дейді пробация қызметінің аға инспекторы Нургуль Аубакирова.

Жалпы, “Еріктілер жылы” аталған 2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты барлық Пробация қызметкерлерінің пробация есебінде тұрған сотталғандарды қатыстыра отырып атқарған қайырымдылық шаралары біраз тұрғынның жүрегіне жылу сыйлап үлгергенін айта кеткен жөн.

Осы ретте, Ақтөбе облысының барлық Пробация қызметтері есепте тұрған сотталған-еріктілер және еріктілер тобымен бірлесіп, жыл басынан бері өмірдің қиын жағдайына тап болған жандарға түрлі қолдау көрсетуге арналған 80-ге жуық қайырымдылық іс-шараларын сәтті ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891131-aktbede-sottalgandar-ji-rtke-orangan-kpbalaly-otbasyga-kmek-berdi/

pixel