Қарағандыда балабақша меңгерушісі тәрбиешілерге өз үйін тазалатып, ас әзірлетіп келген
Жарияланған күні:
Қарағанды қаласында "Айналайын" балабақшасының меңгерушісі қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды деп хабарлайды saryarqnews.kz.
Балабақша тәрбиешілері және басқа да қызметкерлер білім басқармасына ұжымның атынан шағым түсірген.
Қызметкерлердің айтуынша, басшы әйел техникалық персоналды өз үйінде жұмыс істеуге мәжбрлеген. Онымен қоймай, аспаздарды да отбасына тамақ әзірлеуге міндеттеп отырды, дейді олар.
Ал азық-түлік өнімдерін балабақша қоймасынан алған.Кір жуатын әйелдер үйдің кірін жуса, басқалары үйдің ішін тазалап, терезе мен еденді жуып жүрген", - делінген хабарламада.
Қызметкерлер меңгерушінің заңсыз әрекетіне шыдай алмай, білім басқармасына арыз түсіргені белгілі болды. Осыдан кейін оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891186-karagandyda-balabaksa-megerusisi-trbiesilerge-z-jin-tazalatyp-as-zirletip-kelgen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.