Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйықтап кеткен: BMW жүргізушісі Алматыда полицияның 3 көлігін қағып кетті (фото)

Опубликовано:

Көлік апаты
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Жетісу аудандық полиция бөлімі ғимаратының жанында 4 автокөліктің қатысуымен апат болды. BMW жүргізушісі тұрақта тұрған 3 көлікті қағып кетті деп жазады Zakon.kz.

Басылымның жазуынша, бүлінген көліктердің барлығы полиция қызметкерлеріне тиесілі.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Неміс көлігінің жүргізушісі рульде ұйықтап қалғанын айтты. Газет жазғандай, BMW жүргізушісі Райымбек даңғылымен жүріп бара жатып, Сейфуллин көшесінен өтіп бара жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Содан кейін ол жолдың шетінде тұрған Toyota Camry-ге, одан кейін жақын маңдағы Subaru көлігіне соқтығысып, Hyundai маркалы көлігіне де зардап тигізген.

Бұл жол-көлік оқиғасында жүргізуші зардап шекпегені атап өтілген.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Еске салсақ, Алматыда троллейбуспен болған жол апатынан төрт адам жарақат алғаны туралы жазған едік. Оқиға Алматыдағы Қалдаяқов пен Төле би көшелерінің қиылысында болған.

Оған қоса, Талдықорған маңында Audi және Toyota Camry көліктері cоқтығысып, салдарына алты адам зардап шекті. Олардың екеуі оқиға орнында қаза тапқан.

Одан бөлек, Алматы облысында жоғалып кеткен 34 жастағы азаматтың өртеніп кеткен көлігі табылғанын жазған болатынбыз.

Жоғалған Азат Теміртасовтың ерекше белгілері: бойы – 177 сантиметр, қара шашты, қой көзді. Adidas деген жазуы бар спорт күртесін, көк түсті спорт костюмін және қара спорт аяқ киімін киіп кеткен.

Оны көрген-білгендер болса, жергілікті полицияға хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891249-jyktap-ketken-bmw-zrgizusisi-almatyda-policiany-3-kligin-kagyp-ketti-foto/

pixel