Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісін таныстырды

Опубликовано:

Дина Төлепберген мен Руслан Өтепбай
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Қалың көпшілікке танымал "Астарлы ақиқат" бағдарламасында жаңа жүргізуші. Дина Төлепберген өзінің орнын басып, бағдарлама тізгінін алатын адамды көрермендерге таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген енді "Астарлы ақиқатты" басқа тұлға жүргізетінін өзінің Instagram парақшасында хабарлап, халықты таңғалдарды. Бұдан былай атышулы бағдарламаның тізгіні Руслан Өтепбай есімді журналиске берілмек.

Белгілі болғандай, ол үш жыл бойы "Астарлы ақиқаттың" кадр сыртында еңбек еткен. Дина Төлепберген өзінің жазбасында Реуслан Өтепбайдың бағдарламаға қалай келгені туралы егжейлі-тегжейлі айтып беріп, оған сәттілік тіледі.

"Астарлы ақиқатта жаңа жүргізуші. Бұл – Руслан Өтепбай. Руслан менің командама осыдан үш жыл бұрын келіп еді. Ол кезде Астарлы ақиқатты ток-шоу форматына трансформациялап жаттық. Жігерлі команда жинау мақсатында кастинг жариялаған болатынмын. Сөйтіп, сан үміткердің арасынан редактор болуға қабілеті бар деген 20-25 тей адамды іріктеп алдым. 2 апталық сынаққа шақырдым. Өтсе, жұмыста қалады.

Ақиқатын айтсам, мен үшін де өмірімдегі ең қызық кезеңдердің бірі осы болған сірә. Оқыту, үйрету, бақылау, адамдарды тану барысы. Қайнаған жұмыс. Бір-бірінен басып озар жобалар. Кезек таңдауға келгенде ұзақ ойланғаным рас. Көпшілік менің шешіміме сол кезде таң қалған еді. Өйткені телевизиямен байланысы болмаған кей жандар жұмысқа қабылданды. Шынту айтсам, кандидаттан қателеспеу үшін мен ең алдымен өзіме үш сұрақ қойдым:

1. Мен осы адаммен алдағы уақытта тамсанамын ба? Өзім үйретіп қана қоймай, үйренерім бар адамдармен жұмыс істеуді армандадым. 2. Осы адам менің командамның өсуіне ықпал ете ме? Меніңше, біз энтропиямен күресіп, ұдайы өсуіміз керек. 3. Бұл адам – супержұлдыз ба? Джефф Безос айтпақшы, тек лидерлер ғана басқаша ойлайды.

Стандарттарға сай емес, бірақ менің үш сұрағыма жауап берген жанның бірі - Руслан еді. Осы уақытқа дейін ол кадр сыртында аянбай еңбектенді. Енді, кадрға кіретін салтанатты сәт! Қадамың құтты болсын, Рус! Дүйсенбідегі дебютті бірге көрейік" , - деп жазды Дина Төлепберген.

Айта кетейік, ақпарат өкілі жаңа тележүргізушіні таныстырып кеткенімен, өзінің "Астарлы ақиқаттан" ресми түрде кететінін мәлімдеген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891287-dina-tlepbergen-astarly-akikatty-zaa-zrgizusisin-tanystyrdy/

pixel