RU

Қазақстанда тағы 739 адамнан коронавирус анықталды

тәжвир85
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте қанша адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegrma арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 70

Алматы қаласы - 80

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 55

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 66

Атырау облысы - 124

Шығыс Қаақстан облысы - 51

Жамбыл облысы - 18

Батыс Қазақстан облысы - 45

Қарағанды облысы - 39

Қостанай облысы - 61

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 4

Павлодар облысы - 58

Солтүстік Қазақстан облысы - 60

Түркістан облысы - 3

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 153 199-ға жетті.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ кезеңі басталды.

Осы кезең аясында облыстың 1000 тұрғынына коронавирусқа қасы вакцина егіледі.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі алдағы мереке қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Вице-министр Марат Шоранов қазақстандықтарды адамдар жаппай жиналған жерге бармауға, ұжымдық кештер мен өзге де шаралар ұйымдастырмауға шақырды.

Сондай-ақ суық тигізіп алудан абай болуға әрі туыстардың денсаулығына қауіп төндірмеу керектігін атап өтті.

Шорановтың айтуынша, мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және ауру өсімінің бақылаудан шығып кетуіне себепкер болмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891442-kazakstanda-tagy-739-adamnan-koronavirus-anyktaldy/