Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде білім саласында екі министрлік құру ұсынылды

Опубликовано:

Жұмыс барысы
Көрнекі фото: piqsels.com

Сенат депутаты Білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсынды. Осылайша бір ведомство мектептер мен балабақшалардағы, ал екіншісі жоғары білім мен ғылымдағы мәселелерімен айналысатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай бастаманы депутат Мұрат Бақтиярұлы көтерді.

Оның пікірінше, пандемия білім саласына үлкен өзгерістер әкелді.

Бақтиярұлы айтуынша, көршілес Ресей, Германия, Англия және Қытайда дәстүрлі оқыту әдісін қолданып жатқанда Қазақстандағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға мәжбүр болып отыр.

"Байқоңырда балалар күндізгі бөлімде, ал Қазақстанда оқушылар қашықтан оқып жүр. Мұны қалай түсінуге болады? Балаларға білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру қиын болады, әсіресе білім беру сапасы бірнеше жылға артта қалған ауыл мектептеріндегі оқушыларға оңайға соқпасы анық. Сондықтан еліміздегі барлық мектеп оқушыларын дәстүрлі білім беру форматына көшіру қажет", – дейді сенатор.

Бақтиярұлының тағы бір ұсынысы – білім және ғылым министрлігі негізінде екі жаңа министрлік құру.

"Білім және ғылым министрлігі үздіксіз білім білім беру жүйесінің, балабақшадан бастап жоғарғы білімнен кейінгі әрі жоғары білімге дейінгі барлық проблемалармен айналысады. Бұл өте ауыр жүктеме.

Білім беру елдегі халықтың жартысын қамтиды. Басқа министрліктерде мұндай жүктеме жоқ. Сондықтан, менің ойымша, білім және ғылым министрлігі негізінде екі министрлік құратын уақыт жетті. Штат санын көбейтпей, білім министрлігі мен жоғары білім және ғылым министрлігін құру керек", – дейді сенат депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891459-bilim-zne-gylym-ministrligin-ekige-blu-synyldy/

pixel