Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "ангинамен" ауруханаға түскен жас жігіт мүгедек болып қалған

Опубликовано:

Аурухана2
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттің 26 жастағы тұрғыны тамақ ауруымен ауруханаға түсіп, мүгедек болып қалды. Енді оның анасы дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптап отыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қазір Абдухамид сөйлемейді, өздігінен қозғалмайды. Оған анасы Кияфат Болквадзе күтім көрсетеді. Әйел 5 жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келеді.

Кияфат Болквадзенің сөзінше, оның ұлын Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасы мүгедек еткен. Оқиға Абдухамидтің дене қызуы көтерілгеннен басталған. Оның жағдайы ақырындап нашарлаған. Анасының айтуынша, екі процедурадан кейін жас жігіттің жағдайы қиындап, комаға түскен.

"Баламның қолы мен аяғы құрыса бастады. Дені сау, тамағымен ауырып барған бала өлген адам сияқты жатыр. Осы екі ай ішінде олар оны үйге беруге шешім шығарды. "Ол комада. Біз ештеңе істей алмаймыз" деді", - дейді жігіттің анасы.

Нәтижесінде Абдухамид мүгедек болып қалған. Алайда Кияфаттың айтуынша дәрігерлер ұлының не себепті мұндай күйге түскенін түсіндіріп бере алмапты. "Менингит" диагнозын қойған.

Жас жігіттің анасы дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптап, қызметтік тексеріс жүргізуді талап еткен.

"Олар облыстық ауруханадан Назира Асанованы шақырды. Ол "Бәрінің көзінше айтамын. Сіздің балаңызға қарамаған. Басынан соққы алған. Ол ұзақ жатып қалып, клиникалықты (өлім - ред.) бастан өткерген деді", - дейді Кияфат.

Осыдан кейін әйел ақ халаттылардың үстінен полицияға арызданған. Оның сөзінше, бірінші тергеу дәрігерлік қателіктің жоқ екенін көрсетіп, іс жабылған.

Осылайша Кияфат Бас прокуратураға жүгінген. Сол жерде олар қосымша сараптама ұйымдастырған. Оның нәтижелері медициналық көмек көрсету кезінде "емдік-диагностикалық сипаттағы ақаулар болғанын" көрсеткен.

Сарапшылар туыстарының талаптарын ішінара негізделген деп санады. 2018 жылы қала полициясы тергеуді қайта бастады. Алайда Кияфаттың айтуынша, әлі нәтиже жоқ.

"Бұл қанша уақытқа созылды. Бірде материалдар жоғалып, бірде ақша аударылмады, бірде медициналық сараптама ашылмаған, құжаттарды көргісі келмеді", - деп шағымданды әйел.

Полицияның хабарлауынша, осы іс бойынша тергеу жалғасуда. Алайда толық мән-жайы айтылмаған. Тергеу ҚК медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бабы бойынша жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта қылмыстық процесске қатысушылардан қосымша жауап алынуда. Қосымша сот-медицина-сараптамалық комиссия тағайындау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Бекжан Қыдырбаев.

Телеарна дерегінше, қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл іс туралы пікір білдірмеген. Егер дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, олар 3 жылға дейін түрмеде отыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891532-symkentte-anginamen-auruhanaga-tsken-zas-zigit-mgedek-bolyp-kalgan/

pixel