Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызымды алып кетті" деген әйелдің мәлімдемесіне полиция жауап берді

Опубликовано:

Қыздың анасы
Қыздың анасы. Видеодағы кадр: instagram.com/anastassiyamashnina

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы тұрғынының бейнеүндеуі жарияланды. Әйелдің айтуынша, жасырын қоңыраудан кейін қызын полиция алып кеткен. Облыстық полиция департаменті бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Анасы қызын бір апта бойы көрмеген. Анасы ұрысып, сенім телефонына жасырын қоңырау түскеннен кейін қызын алып кеткен. Ләззаттың айтуынша, психологиялық зорлық-зомбылық жасағаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған", – деді әлеуметтік белсенді өзінің Instagram парақшасында.

Түлкібас ауданы тұрғынының айтуынша, тәртіп сақшылары оның үйіне 21 желтоқсан күні кешкі уақытта келген.

"Ювеналды полиция менің қызымды заңсыз алып кетті. Олар топтасып келді, төрт полиция көлігі, үлкен ер адамдар, мен жұмыстан кейін үйге келгенде үйіме баса көктеп кірді. Олар менің қызымды жауап алу үшін шығарып алды. Мен шошып кеттім, неге сонша адам және не үшін келгенін түсінбедім", – дейді анасы.

Әйел қызының соңынан барғанын айтты. Сөйтсе, анонимді шағымдану мен анасы қызынан жын шығарумен айналысады деген қауесеттен кейін қызды алып кеткенін біледі.

Алайда Ләззат бұл айыптаулармен мүлдем келіспейді. Ол қызының гимназияда оқитынын, үздік оқитынын және сабаққа зайырлы киіммен қатысатынын айтады.

Ол неке туралы ақпаратқа да түсініктеме берді.

"Жазда, менің қызым оқшауланған кезде, күйеуімнің достары оны жігітпен, яғни ұлымен таныстыруды ұсынды. Тек танысу. Менің ойымша, қызым бойжетті, оған оқшаулану қиынға соқты, оған біреумен сөйлесу керек. Ешкім оған тұрмысқа шық деп айтқан емес. Ол тіпті онымен танысудан үзілді-кесілді бас тартқан. Сөйтіп, біз бұл тақырыпты жауып тастадық. Күштеп мәжбүрлеу деген түсінік болған жоқ", – деді әйел.

Оның пікірінше, олардың отбасы туралы әділетсіз қауесеттер тарап жатыр. Ол баланы өзіне қайтаруды сұрайды.

Түркістан облысының полиция департаментінде әйелдің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

Мұнда оның балалары Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласып, аналарының отбасылық жанжалдарға байланысты оларға үнемі психологиялық және физикалық қысым жасайтынын айтқандығы туралы хабарланған.

Факт қылмыстық кодексінің 140-бабы, 2-бөлімі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды.

21 желтоқсанда комиссияның кезектен тыс отырысының шешімімен қыз Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды, ал оның інісі анасында қалды.

"Әйел және оның қызымен психологтар жұмыс істеп жатыр", – деп толықтырды полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891533-kyzymdy-alyp-ketti-degen-jeldi-mlimdemesine-policia-zauap-berdi/

pixel