Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университет белгілі болды

Опубликовано:

университет
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аутсайдер дегеніміз – ең төменгі орындарда тұрған жоғары оқу орындары. Биыл соңғы ондықтың ішінде Сырдария университеті, Шымкент университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Астана университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Қазақ-орыс халықаралық университеті, Болашақ университеті (Қызылорда), Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты», - деді Гүлзат Көбенова Білім және ғылым министрлігінің онлайн отырысында.

Оның айтуынша, бұл университеттерде жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламасы құрылмаған. Осының салдарынан қажетті құзыреттер жоқ екен.

"Бұл университеттерді бітірген түлектерге сұраныс өте аз. Сәйкесінше, осы оқу орындарынан шыққан түлектердің жұмысқа орналасуы қиындау болып отыр", - дейді Гүлзат Көбенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891606-kazakstandagy-rejtingi-e-tmen-10-universitet-belgili-boldy/

pixel