Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

тұман
Көрнекі фото: Хабар 24

Еліміздің бес өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

30-31 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей бөліктерінде тұман түсуі мүмкін. Ертең түнде және таңертең Оралда тұман түседі.

30 желтоқсанда Ақтөбе облысының да кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Ертең түнде және таңертең Ақтөбе қаласында тұман болады.

30 желтоқсанда Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады деп күтілуде. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 27-32 градусқа дейін күрт төмендейді,

31 желтоқсанда түнде, 1 қаңтарда минус 30-35, кей жерлерде 38 градус қатты аяз болады деп болжанды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жаңа жыл мерекесі кезінде Қазақстанның көптеген облысында аяз болатыны жөнінде синоптиктер болжамын ұсынған едік.

Казгидромет кейбір өңірлерде минус 42-43 градусқа дейін аяз түсетіні туралы хабарлаған болатын.

Нұр-Сұлтанда 31 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, аздап қар жауады және бұрқасындатып, тұман түседі. Күндіз 20-25 градус, түнде 30-35 градус аяз. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ал 1 қаңтарда ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығып, тұман басады. Күндіз сынап бағанасы 25-30 градус, түнде 32-37 градус аяз түседі. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.

Алматыда 31 желтоқсанда қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус 10-15 градус, түнде – минус 15-20 градус. Желдің жылдамдығы – секундына 2-7 метр.

1 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Күндіз 10-15 градус, түнде 18-23 градус аяз.

Шымкентте 31 желтоқсанда күндіз 1-3 градус жылы, түнде 6-8 градус суық. 1 қаңтарда күндіз плюс 3 градус, түнде минус 8 градус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891624-bes-oblys-aumagynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/

pixel