Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің өліміне дәрігерлерді кінәлаған СҚО тұрғыны жанайқайын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны күйеуінің бақилық болуына, дәрігерлерді кінәлап отыр. Оның сөзінше, ақхалаттылардың салғырттығынан, жары көз жұмған. Енді ол әділдік іздеп, дәрігерлерді сотқа бермек деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қызы Натальяның сөзінше, өткен сенбі әкесінің жағдайы күтпеген жерден нашарлаған.

Ауыл болып Ұзынкөлден, Булаев қаласындағы орталық ауруханаға апардық дейді ол.

Дәрігерлер медициналық орталықта жатқызуға негіз жоқ деп науқасты үйіге қайтарып жіберген. 

"Мамандар ешқандай сараптама жасаған жоқ. Қан алған жоқ. Түріне қарап "пневмония" деді де, жібере салды. Сосын мама телефонмен айқайлады дәрігерлерге: қалдырыңдаршы, емдеңдерші, үйде не ем алады, ана жақта қадағалайсыңдар ғой деп! Олар тындамады. Біз қалдырмаймыз деп жібере салды үйге", - деді марқұмның қызы.

Жақындары ауылға қайтып оралған соң, науқастың жағдайы одан сайын нашарлағанын сөз етті.

"Үйге келген соң оның қол аяғы істемей қалды. Кейін біз оны көлікпен ауруханаға апардық. Жолда ерні көгеріп, сөйлей алмай қалды. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызды. Сосын біршама уақыттан кейін күйеуім өмірден өтті деп хабарлады", - деді марқұмның әйелі Райхан Насимолдинова.

Осы жағдайға қатысты пікір білдірген Жұмабаев ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Сәкен Әмрин науқас алғаш келген кезде жағдайы қалыпты болғанын атап өтті.

"Науқас бірінші рет келген уақытта оны кезекші дәрігер, терапевт пен хирург қарап шықты. Жүрек қағысы, қан қысымы қалыпты мөлшерде болды. Өкпесін рентгенге түсірдік. Өкпе қабынуының бастапқы сатысы анықталды. Алайда жағдайы қанағаттарлық болған соң, ем домын үйінде жасасын деген шешім жасаған. Ал ол инсульттан қайтты деген болжам бар. Оның нақты себебін сот медициналық сараптама анықтайтын болады", - деді ол.

Жақындары марқұмның осыған дейін де жүрек-қан тамыры ауруымен ауырғанын мойындаған. Алайда медицина тарапынан көмек уақытында көрсетілсе, аман қалар еді деп отыр.

Енді олар әділдікті соттан іздейтіндерін жеткізді. Алдымен сот-медициналық сараптама қорытындысын күтуі керек, дейді марқұмның туыстары. Ол тек бір айдан соң ғана дайын болады.

Автор: А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891664-kjeuini-limine-drigerlerdi-kinlagan-sko-trgyny-zanajkajyn-ajtty/

pixel