Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа жылды тойлауға тыйым салынады": Түркия жаңа жыл қарсаңында туристер үшін шектеуді күшейтті

Опубликовано:

Түркия1
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияның ішкі істер министрлігі Жаңа жыл мерекесінде шетелдік туристердің қала орталықтарына баруына тыйым салып отыр деп хабарлайды Хабар24.

"Пандемиямен күрес аясында 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап 1 қаңтар сағат 10:00-ге дейін орталық алаңдарда, бульварлар мен көшелерде барлық тұрғындар үшін, оның ішінде шетелдік туристер үшін Жаңа жылды тойлауға тыйым салынады. Ыстамбұлда бірінші кезекте Истикляль көшесі, Сұлтанахмет алаңы, Анкара қаласында Қызылай алаңы, Измирде Гюндогду алаңы", - делінген ІІМ хабарламада.

Қыдыруға тыйым салынатын аймақтардың тізімін әр провинцияның билігі анықтайтыны атап өтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркия билігі коронавирустың жаңа штамының таралуын алдын алу үшін Жаңа жыл қарсаңында коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік.

Ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанның айтуынша, COVID-19 инфекциясымен күрес шаралары аясында 31 желтоқсан сағат 21:00-ден бастап 5 қаңтар 4:00-ге дейін төрт күндік коменданттық сағат енгізіледі.

Оның сөзінше, енгізілген шектеу шараларының нәтижесінде басқа елдермен салыстырғанда Түркияда коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны азайған.

Еске сала кетейік, британиялық билік елде коронавирустың жаңа штамы табылғанын жариялаған соң бірнеше мемлекет оның ішінде Түркия да Ұлыбританиямен әуе қатынасын уақытша тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891823-zaa-zyldy-tojlauga-tyjym-salynady-trkia-zaa-zyl-karsaynda-turister-sin-sekteudi-ksejtti/

pixel