Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық оқушылар бос уақытын құр өткізбей мультфильмдерді қазақ тіліне аударуда

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақ Жайық

Атырау қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару арқылы дыбыстауды қолға алды деп жазады Ақ Жайық басылымы.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы, клубтың негізін қалаушы, Аружан Елдосова қашықтан оқытуға ауысқалы уақытымыз әлдеқайда көбейді, дейді.

Оның сөзінше, NIS Graphics клубының мүшелері арасындағы байланысты жоғалтпау үшін биыл бірнеше мультфильмді қазақ тіліне аударуды және оларды дыбыстауды қолға алған.

Жас дубляжшылардың тырнақ алды бастамаларының арасында "Менің кішкентай Пониым", "Суық жүрек" және "Суперкрошка" атты мультфильмдері бар.

Мектеп оқушылары анимациялық кейіпкерлердің әңгімесін ілеспе аударып, мазмұнды өнім дайындау үшін тәжірибе жинап жүргендерін атап өтті.

"Жалпы дубляждың сапасы талапқа сәйкес болуы белгілі дағдыларға байланысты. Мысалы, кейіпкерлердің мінезі мен эмоциясын жеткізу үшін толық рөлге ену керек. Болашақтағы жоспарымыз - дыбыстауды сапалы деңгейге жеткізу арқылы әлдеқайда ұзақметражды фильмдерді қазақ тіліне аудару", - деді әуесқой дыбыстаушылар.

Олар елімізге кейбір шетелдік медиа өнімдер кеш жеткізілетінін сөз етіп, ғаламторда қазақстандық көрермен үшін ана тілімізге аударуды қажет ететін материалдар көп екенін айтады.

"Мақсатымыз - интернет кеңістігінде ана тіліміздегі медиа өнімдерді көбейту", - дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891868-atyraulyk-okusylar-bos-uakytyn-boska-tkizbej-multfilmderdi-kazak-tiline-audaruda/

pixel